Организация ветеранов

Организация ветеранов

Астанинский городской филиал Республиканского общественного объединения

1 қазан ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАРТТАР КҮНІ!ҮНДЕУ!

Астана қаласы ардагерлер Кеңесінің Үндеуі!

1 қазан-Халықаралық қарттар күні қарсаңында елордалық ардагерлер кеңесі барша мекеме басшылары мен кәсіпкерлер, бизнес өкілдері, Тәуелсіз Қазақстанның жаңа Астанасының іргетасын қалауға қатысқан сүйікті қаламыздың дамуы мен өркендеуіне бүкіл өмірін арнаған АҒА буын ұрпаққа мейірімділік танытуларыңызға шақырамыз. Ардагерлерді қолдауға шақырамыз: қызметтер мен тауарларға жеңілдіктер беру, жеңілдік немесе тегін қызмет көрсету мүмкіндігін қарастыру. Аса қажет ететін-тұрмыстық, әлеуметтік, медициналық көмектерді қарастыруға болады. Зейнеткерлердің әрқайсысы назардан тыс қалмағаны аса маңызды. Олардың әр қайсысы бүгінде халықтың белсенді бөлігі болып табылады. Қарттар күні-бұл тек аға буын өкілдері үшін ғана емес, әрбір қазақстандық үшін маңызды оқиға. Қыркүйек-қазан айлары қамқорлық пен қайырымдылық айлығына айналады. Осы айлық аясында, қарт адамдарға қамқорлық пен көмек көрсету перзенттік парыз болар. Бұл бүгінгі таңда ерекше мерекеге айналу керек! Қазіргі егде жастағы адамдардың мәселелеріне назар аударуға әр отбасының, оқу орындарының, барлық қоғамдық ұйымдар мен кәсіпорындарының мүмкіндігі бар және көңіл бөлінеді деген сеніміміз мол. Сондықтан қалалық Ардагерлер кеңесі атқарушы, өкілді органдарға, жұмыс берушілерге, бизнес құрылымдарының өкілдеріне, еріктілерге, қоғамдық ұйымдарға мереке қарсаңында және мереке күндері аз қамтылған қарт азаматтарға, жалғызбасты зейнеткерлер мен қарт мүгедектерге назар аударуды күшейтуге жүгінеді. Бұл ретте Сіздерді оларға материалдық көмек көрсетуге, әлеуметтік-тұрмыстық мәселелерді шешуге және қолдаудың басқа түрлерін ұйымдастыруға шақырамыз. Құрметті қариалар! Сіздерге бақыт, амандық, денсаулық, өмірге деген өшпес қызығушылық, жан тыныштығы, жүректеріңіздің жылуы және жақын адамдарыңыздың сүйіспеншілігін тілейміз. Әр күн тек жарқын және қуанышты күндер әкелсін.

                    Ардагерлер Кеңесі Астана қаласы

ВЕТЕРАНЫ.jpg

бәрі.jpeg

         ПОДДЕРЖИМ АКЦИЮ К ДНЮ ПОЖИЛЫХ!

В Год 80-летия Победы должного внимания заслуживают уважаемые ветераны войны и труда, труженики тыла за стойкость, честный труд на благо страны, заботу о молодом поколении.
1 октября – Международный День пожилых людей, который традиционно отмечается широко и масштабно. Совет ветеранов Астаны проводит АКЦИЮ ПО ПОДДЕРЖКЕ малообеспеченных горожан пенсионного возраста. День пожилых людей-– самый подходящий повод проявить реальную заботу, оказать конкретную помощь пожилым людям, окружить их вниманием и сердечностью. Проблемы пожилых людей, за плечами которых непростая жизнь, время перемен, трудности переходного периода, оказали влияние на состояние здоровья, семейного бюджета, социального самочувствия. Меценаты, филантропы, благотворители – достойные граждане Справедливого Казахстана. Быть настоящим человеком – это чувствовать свою социальную ответственность, особенно перед нуждающимися людьми. Время порой показывает свою суровую действительность, но всегда найдутся добрые люди, готовые помочь и поддержать. Городской Совет ветеранов обращается к исполнительным, представительным органам, работодателям, бизнес-структурам, волонтерам, общественным и благотворительным организациям. В дни осеннего месячника к 1октября просим поддержать малообеспеченных одиноких пенсионеров, пожилых людей с инвалидностью, оказать им материальную помощь, решить социально-бытовые проблемы. Уважаемые руководители организаций и бизнеса! Просим вас проявить внимание к поколению, посвятившему всю свою жизнь развитию и процветанию нашего Города трудовой славы, стоявшему у истоков новой столицы Республики Казахстан. Пенсионеры и сегодня в числе активных горожан. Предлагаем предусмотреть скидки на услуги и товары, возможность льготного или бесплатного обслуживания. Особо актуальна бытовая, социальная, медицинская поддержка, как можно большего числа пенсионеров. Да не оскудеет рука дающего, гласит народная мудрость. Любая поддержка будет принята с благодарностью.

                     Совет ветеранов города Астаны