1 қазан-Халықаралық қарттар күніне үндеу!
Үндеу ҚАРТТАРЫМ АМАН САУ ЖҮРШІ!
Дүние жүзінде Халықаралық қарттар күні жыл сайын 1 қазанда атап өтетіні белгілі. Осы айтулы мерекеде біз абзал аталарымыз бен аяулы ақ жаулықты әжелерімізді, ата-аналарымызды құрметтеп, сый-сыйапат жасаймыз. Сонымен қатар аталған бұл мереке егде адамдардың тұрмыстық жағдайларын қолдауға, олардың денсаулығына назар аударуға ерекше көңіл бөлуде.
Қарттар күні – тек қана алдыңғы бүгінгі ұрпаққа ғана маңызды емес, сондай-ақ әрбір азаматқа да ой салары үлкен шара. Себебі әрбір қарияға қолдау көрсетіп, жағдайларын жақсартуға бағытталған маңызды шара болғандықтан, оны мереке ретінде өткізуді жоспарладық.
Жасының егде тартуына, денсаулығының сыр беруіне байланысты қарттардың көптеген шешілмеген мәселелері туындайтынын білесіздер, сондықтан оларға қолдау көрсету туған-туыстары мен барша қоғамның міндеті. Астана қаласында жылда Қарттар күні кең ауқымда өткізілетін.
Қалалық ардагерлер Кеңесі өкілетті, атқарушы органдарды, жұмыс берушілерді, бизнес құрылымдарының өкілдерін, еріктілерді, қоғамдық ұйымдарды Қарттар мерекесі қарсаңында және сол күндері егде жастағы азаматтарға, әсіресе мүгедек ардагерлерге, жеке тұратын зейнеткерлерге, аз қамтылған қарттарға арнайы көңіл бөлуге шақырады. Оларға материалдық тұрғыдан көмек көрсетуге, әлеуметтік-тұрмыстық мәселелерін шешуге және басқа да қолдау көрсетуді талап етудеміз.
Құрметті еңбек ұжымдарының басшылары, бизнес құрылымдарының өкілдері, сіздерді бүкіл өмірі мен еңбек жолдарын біздің сүйікті қаламыздың көркейуіне қомақты үлес қосқан ардагерлерге қолдау көрсетуге шақырамыз!
Әсіресе әлеуметтік – тұрмыстық және дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуге көмек етсеңіздер екен. Бірде-бір қарт жалғыз қалмасын.
Құрметті аға буын өкілдері, соғыс және еңбек ардагерлері! Сіздерді төл мерекелеріңізбен құттықтай отыра, адал да ерен еңбектеріңіз үшін, жастарға жасаған қамқорлықтарыңыз үшін алғыс айтамыз!
Сіздерді мейірімді де жарқын мерекемен құттықтаймыз. Егде жасыңыз қиындық тудырмасын, денсаулықтарыңыз сыр бермесін, ұрпақтарыңыз Сіздерді мақтан тұтсын!
Сіздерге бақытты да баянды өмір, шаңырақтарыңызға құт-береке тілейміз және туған-туыстарыңыз бен жақындарыңыздың ыстық ықыласы мен жүрек жылуына бөлене беріңіздер!
2023жыл, Астана қаласының
ардагерлер Кеңесі
****Обращение
АКТИВНОГО ДОЛГОЛЕТИЯ В ВАШЕЙ ЗОЛОТОЙ ЭПОХЕ!****
1 октября- Международный День пожилых людей человечество отмечает всем миром.
День пожилых людей - это важное и значимое событие не только для представителей старшего поколения, но и для каждого казахстанца. Это – повод проявить реальную заботу, оказать конкретную помощь пожилым людям, окружить их вниманием и любовью. Этот праздник особенно важен сегодня, так как он позволяет привлечь внимание к проблемам пожилых людей, существующих в современном обществе.
Ежегодно в столице широко отмечается День пожилых людей.
Городской Совет ветеранов обращается к исполнительным, представительным органам, работодателям, представителям бизнес структур, волонтерам, общественным организациям накануне и в дни празднования усилить внимание малообеспеченным пожилым гражданам, одиноким пенсионерам и инвалидам пожилого возраста. При этом призываем вас оказать им материальную помощь, решить социально-бытовые вопросы и организовать другие виды поддержки.
Уважаемые руководители организаций, представители бизнеса, просим вас проявить милосердие к поколению, посвятившему всю свою жизнь развитию и процветанию нашего любимого города, которые участвовали в закладке фундамента новой столицы независимого Казахстана, они и сегодня являются активной частью населения.
Мы призываем вас поддержать ветеранов: обеспечить скидки на услуги и товары, рассмотреть возможность льготного или бесплатного обслуживания. Постарайтесь предусмотреть именно ту помощь, которая особенно необходима — бытовую, социальную, медицинскую. Пусть никто из пенсионеров не останется без внимания
Уважаемые ветераны войны и труда, благодарим вас за мужество, добросовестный труд на благо нашей страны, любовь и заботу о молодом поколении!
Поздравляем вас с добрым и светлым праздником! Пусть возраст не будет вам в тягость, здоровье не подводит, дети радуют, внуки восхищают. Мы благодарны вам за то, что вы есть рядом с нами.
Желаем вам счастья, благополучия, здоровья, неугасающего интереса к жизни, душевного спокойствия, тепла сердец и любви близких вам людей. Пусть жизнь приносит исключительно светлые и радостные дни.
Совет ветеранов
города Астана 2023 год