Организация ветеранов

Организация ветеранов

Астанинский городской филиал Республиканского общественного объединения

10 тамыз-Ұлы Абай күні

10 тамыз-Ұлы Абай күні

Астана қаласы ардагерлері 10 тамыз-Ұлы Абай күніне арналған мерейтойлық шараларды 2025 жылы 29 шілде күні Абай ескерткішінің алдында бастады. логотип.png

Ұлы ақын, данышпан ойшыл, қазақ жазба әдебиетінің негізін қалаушы Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына орай елорданың 6 ауданындағы ардагерлер кеңестері бірқатар ауқымды іс-шаралар ұйымдастырды. Ардагерлер Абай шығармашылығын насихаттап, өлең оқу байқаулары, әдеби кештер, сурет көрмелері мен дөңгелек үстелдер өткізді. Сонымен қатар мектеп оқушыларымен кездесу ұйымдастырып, Абайдың рухани мұрасы туралы терең әңгімелер өрбіді. Бұл шаралар арқылы ардагерлер өскелең ұрпаққа Абайдың адамгершілік, білім мен еңбекке үндейтін ілімін жеткізіп, ұлттық құндылықтарымызды дәріптеді. Абай – тек ақын емес, ол - халықтың рухани ұстазы, мәңгілік тұлға. Мұрат Спанқұлұлы.png

Ұлы Абайдың 180 жылдық мерейтойының ресми онкүндігін аудан белсенді ардагерлерінің іс – шарасы Абай ескерткішінің алдында бастау алды. Қалалық ардагерлер кеңесінің төраға орынбасары Иргебаев Мұрат Спанқұлұлына алғы сөз берілді. барлығы.png

тағзым.png

Ардагерлеріміз Абай ескерткішіне гүл шоқтарын қойды! Алматы ауданы ардагерлер кеңесінің ақын, жазушысы, Қазақстан Республикасының жазушылар кеңесінің мүшесі Бұлғақпаева Баянды Әлпи Абай атамызға өз жанынан шыққан өле шумақтарын оқып берді.

![Абайға арнау.png](http://gsv.kz/storage/app/uploads/public/68a/eac/e42/68aeace428b8c678203897.png

Өлеңді оқыған ҚР Қазақ радиосының «Құрметті дикторы», «Құрмет» орденінің иегері , қалалық ардагерлер ұйымының медиатоп мүшесі Молдахметова Күләш Кайланқызы.

                                       Астана қаласы,            ардагерлер кеңесі.