Организация ветеранов

Организация ветеранов

Астанинский городской филиал Республиканского общественного объединения

16 НАУРЫЗ "ЖАҢА ҚАЗАҚСТАН"

Президенттің жолдауы жайлы

46526f41-1ceb-4806-acfa-34873d732c2a.jfif

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың жолдауын тыңдап, үлкен саяси өзгерістер болатынын түсіндім. Жолдауда өте маңызды мәселелер көтерілді. Президенттің өкілеттілігіне байланысты біраз міндеттері алынып, оның орнына бұл жұмыстар Парламенттің құзырына беріліп, депутаттардың ролін арттыруымыз керек деді. Депутаттар риясыз халыққа қызмет жасау керектігіне тоқталды. Жалған айтып, әдемі сөйлеуден арылып, халыққа қажетті іс тындырып, одан нәтиже шығару керектігін айтты. Президент ешқандай партия құрамында болмайды, мен халықтың гарантымын деді. Конституциялық сот құру қажеттігін, әкімшілік-аймақтық құрылым болатынын хабарлады. Бәрінен де құндысы – қазақтың бетке ұстар бас ақыны Абай атында облыс ашылатынын, оның орталығы Семей қаласы болатынын, ал Алматы облысын екіге бөліп, онда тұрып жатқан халыққа жағдай жасау керектігін түсіндірді. Бірі Жетісу облысы- оның орталығы Талдықорған. Екіншісі Қапшағай облысы болса қала орталығын халық қолдаса- Дінмұханбет Қонаевтың атына беруге ұсыныс жасады. Сол сияқты Ұлытау облысын ашып, орталығын Жезқазған деп атайтындығын хабарлады. Маған ұнаған тағы бір өзгеріс өзім журналист болғаннан кейін көкейіме қонымдысы – БАҚ- туралы заң қабылдау. Ұлттық құрылтай құру т.басқа өзекті істер бізге ерекше серпіліс берді.
Жолдаудың басында Президентіміз биылғы жылдың қайғылы қаңтар көтерілісіне тоқталды. Бұл көтеріліс бейбіт митингіні пайдаланып, соңғы кездегі Қазақстандағы реформалық өзгерістерге қарсы тұрған кейбір биліктегілер мен халықтың байлығын талан-таражға салып жүргендердің Үкіметті басып алып, Қазақстанның Тәуелсіздігіне қарсы шыққан лаңкестер мен ұры-қарылар, бандиттерді пайдаланып, Президентті тақтан тісіру екенін айтып, осы орайда өзінің Қазақ жерін, халқын сақтап қалуға әрекет еткенін жеткізді. Жаңа Қазақстанды құру үшін өзгерісті тек Үкіметтен емес, барша халық өзімізден іздеуіміз керек. Ол үшін адал еңбек, біртұтастық, халқымызға парасаттылық қажет деп, халықты бірлікке шақырды. Тағы бір сөзінде Президент: -«Мен халықтың ертең емес, бүгін де бақытты өмір сүргенін қалаймын» - деуі көңілімізге жылылық ұялатты. Тағы бір ойы көкейіме қона қалды. «Маған елімнің амандығы мен жерімнің тұтастығынан асөан ешбір құндылыө жоқ, мені ең алдымен, халқымның болашағы толғандырады» деген сөзі баршамызды жігерлендірді деп ойлаймын. Осыған менің қосарым: Әлеуметтік желілердегі кейбір адамдардың осындай бастамаларды бұрмалап, адамдарға қарсы оқ атты, өздері ұйымдастырды деген арандатушылық әрекеттері кейбір адамдарды шатастырып, елдің арасына іріткі салуда. Бұл адамдар сол қанды оқиғаны ұйымдастырғандардың қолшоқпарлары екенін айтқым келеді. Себебі олар жемқорлардан ауызданып, ақша алып отырған жалқау өаралар. Осы кезде біздер шын халқы мен Қазақ еліне жаны ашитын адамдарды олардан ажыратып алуымыз керек. Қорыта айтқанда бүгінгі Жолдауда жаңа, жақсы бастамалар өмірге келді. Баршаңызды жақсы бастамалармен құттықтаймын. Қазақ халқы бір Тудың астына жиналып, өсек-аянды қойып, жаңа Қазақстанды бәріміз бірге құрайық дегім келеді.

                                         Балтабай Ғалия Құсайынқызы
                 «Құрмет» орденді журналист, ҚР-ның мәдениет қайраткері
                      Нұр-Сұлтан қалалық ардагерлер Кеңесі пленум мүшесі, медиа тобының мүшесі