Организация ветеранов

Организация ветеранов

Астанинский городской филиал Республиканского общественного объединения

1қазан-ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАРТТАР КҮНІ!

ҮНДЕУ

1 қазан.jpeg

1 қазан – Халықаралық қарттар күні. Астана қаласының Ардагерлер кеңесі жыл сайын күз мезгілінде жалғыз тұратын, тұрмысы төмен зейнет жасындағы қала тұрғындарына ҚОЛДАУ АКЦИЯСЫН өткізеді. Бұл күн елдің қалыптасуы мен дамуына аянбай еңбек еткен еңбек ардагерлеріне деген құрметті білдіреді. Құрылтайға сайлау және сайлау кезеңі аға буын өкілдерінің қоғамдық-саяси өмірге белсенді қатысатынын көрсетті. Астана қаласында Ұлы Отан соғысына қатысушыларға теңестірілгендер және мүгедектеріне теңестірілген ардагерлер, тыл еңбеккерлері және басқа да қадірлі қарт адамдар тұрады. Ардагерлердің Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстан», «Адал азамат» тұжырымдамаларын жүзеге асыруға қосқан үлесі ерекше назар аударуға лайық. «Ұрпақтар сабақтастығы және ұлттық құндылықтар» жобасы бойынша жұмыстар жүргізілуде. Үлкенге құрмет көрсету, халықтық дәстүрлерді дәріптеу – басым бағыттардың бірі. Осы тұрғыдан алғанда, жасы 90-нан асқан тыл еңбеккерлеріне қолдау көрсету – әділетті іс болар. Олар жастық шақтарын Отанға адал қызмет етуге арнап, «Барлығы майдан үшін, барлығы Жеңіс үшін!» деген патриоттық ұранмен аянбай еңбек етті. Тыл еңбеккерлері елді қалпына келтіріп, көркейтуге бар күш-жігерін жұмсады, кейінгі еңбек буынын тәрбиеледі. Қалалық Ардагерлер кеңесі барша атқарушы және өкілді мемлекеттік органдарға, жұмыс берушілерге, бизнес өкілдеріне, волонтерлерге, қоғамдық және қайырымдылық ұйымдарына үндеу жасайды. Қазан айындағы айлық аясында тұрмысы төмен, жалғыз тұратын зейнеткерлерге, мүгедектігі бар қарт адамдарға қолдау көрсетіп, материалдық көмек берулеріңізді сұраймыз. Қарттар күні – ізгі істер жасауға, назар аударуға және қолдауға мұқтаж зейнеткерлерге нақты көмек көрсетуге ең қолайлы уақыт. Нағыз адам – Адал азамат – Қазақстан Республикасының әлеуметтік жауапты азаматы. Құрметті кәсіпорын және бизнес басшылары! Материалдық қиындықтарға тап болған аға буын өкілдерін қолдау акциясына белсенді қатысуларыңызды сұраймыз.

                              «Ардагерлер ұйымы» РҚБ
                             Астана қалалық филиалы

                 **********

                **ОБРАЩЕНИЕ**

1 ҚАЗАН ҚАРТТАР КҮНІ.jpeg

1 октября – Международный День пожилых людей. Совет ветеранов города Астаны ежегодно осенью проводит АКЦИЮ ПО ПОДДЕРЖКЕ одиноко проживающих, малообеспеченных горожан пенсионного возраста. Дата символизирует собой уважение к ветеранам труда, работавшим во благо становления и развития страны. Выборы в Құрылтай и электоральный период показали высокую активность старшего поколения в общественно-политической жизни. В Астане проживают ветераны, приравненные к участникам и инвалидам Великой Отечественной войны, труженики тыла и другие уважаемые пожилые люди. Заслуживает внимания вклад ветеранов в реализацию концепций Президента Касым-Жомарта Токаева «Справедливый Казахстан», «Адал азамат». Ведется работа по проекту «Преемственность поколений и национальные ценности». Уважение к старшим, народные традиции в числе приоритетных направлений. В этом плане будет справедливо поддержать тружеников тыла, которым за 90 лет. Молодые годы они отдали самоотверженному труду, выполняя патриотический долг «Все для фронта, все для Победы!». Труженики тыла работали не покладая рук, восстанавливая и обустраивая страну, воспитывали трудовую смену. Городской Совет ветеранов обращается к исполнительным, представительным органам власти, работодателям, бизнесу, волонтерам, общественным и благотворительным организациям. В дни октябрьского месячника просим поддержать малообеспеченных одиноких пенсионеров, пожилых с инвалидностью, оказать им материальную помощь. День пожилых людей – самое подходящее время для добрых дел, оказания внимания и реальной помощи нуждающимся в поддержке пенсионерам. Настоящий человек – Адал азамат – социально ответственный гражданин Республики Казахстан. Уважаемые руководители предприятий и бизнеса! Просим вас принять активное участие в акции по поддержке представителей старшего поколения, испытывающих материальные трудности.

                               Астанинский филиал 
                          РОО «Организация ветеранов»