Организация ветеранов

Организация ветеранов

Астанинский городской филиал Республиканского общественного объединения

2021жылғы ТҮЛЕККЕ-АҚ ЖОЛ!

ЕЛОРДАДАҒЫ АЛМАТЫ АУДАНЫНЫҢ №44 МЕКТЕПТІҢ СОҢҒЫ ҚОҢЫРАУ МЕРЕКЕСІ!

Дәстүрлі 25 МАМЫР соңғы қоңырау елордалық 6000 түлектермен қатар №44 о/м 47 оқушы бітіріп жатыр, оның ортасында 2 "Алтын белгі", 3 "Ерекше үлгі аттестат" иегерлері.Шәкірттер ұстаздарымен бірге №74 "Даурен" балабақшасының аймағына 50 түп ағаш отырғызды, оның 20 ива-тал ағашы, 30 терек. Биылғы ерекше түлектерге, ерекше тілек! Тәуелсіздіктің 30 жылдығының КӨК БАЙРАҒЫ-МЕМЛЕКЕТТІК ТУЫН БИІКТЕ ҰСТАУ!

5.jpg

4.jpg

7.jpg

3.jpg

Ұрпақ сабақтастығының қалыптасқан дәстүрін жалғастырушы биылғы 2021 жылғы түлектерді арнайы құттықтап келген ауғандық ардагерлер де балаларымен келіп тілек білдіріп, ағаш көшеттерін отырғызды. Мектеп бітіруші 47 түлектер мен ата-аналары,тұрғындар да катысты. Іс шараны ұйымдастырған қарт зейнеткер, "Ардагерлер ұйымы" ҚР. ОК "ҚҰРМЕТТІ АРДАГЕР" төс белгісінің иегері, осы "Интернациональный"тұрғын үй кешенінің төрайымы Қоразова Майра АПАЙ. Өскелең ұрпақ АТА АМАНАТЫНА АДАЛ , ЖОЛЫ АШЫҚ БОЛСЫН!

                                                         Қалалық ардагерлер Кеңесі,
                                                                      25 мамыр,2021 жыл.