2025 жыл МЕРЕЙЛІ ОТБАСЫ!
ДӘСТҮРЛІ "МЕРЕЙЛІ ОТБАСЫ"
«Мерейлі отбасы» атауымен өткізілетін ұлттық байқаудың маңызы жыл сайын қанат дайып келеді.Биыл осы байқауға 255 отбасы қатысыпты.Бұл әрине құптарлық жағдай.Отбасы- шағын-мемлекет дейміз.
Иә,дәл солай. Әр отбасы мемлекетті құрайды.Негізгі фактор адам десек, ол біздің байлығымыз.
Отбасылар арасындағы соңғы жвлдары айтылып жүрген ажырасу факторларының көбейіп кетуі кімді болсын алаңдатады.Оған әртүрлі себептер бар десекте олардың берік болуы әротбасының тәрбиесі мен ұстанымына байланысты екені рас.Сондықтан береке бірлігі жарасқан жанұяларды насихаттап,үлгі өнеге етіп ұсынуда «Мерейлі отбасы» байқауы өте қажет.
Сол байқаудың қортындысы салтанатты түрде аталып өтті.Оны тамашалауға келгендер өте көп болды.Жанкүйерлерден басқа жақсылыққа жаны құмар,тәлімді тағлым алуға келгендер де жетерлік.Бұл біздің ұлттық құндылытарымыздың бастауы әрі маңыздысы екенін түсінгендік.Мақсатта сол.Даңғаза шоу өткізу емес өнегелі іс атқару.Әртүрлі номинация бойынша үздік шыққандарды марапаттауға қала әкіміні
орынбасарынан бастап,сала жетекшілері,қоғамдық ұйымдар белсенділері қатысты.Оның ішінде халықаралық дәрежедегі үлгі істердің бастамашысы болып талай бәйгені иеленген «Бақытты отбасы»орталығын ашып әйелердің қоғамдағы үлкен күш әрі тәрбие бастауы екен неше мәрте дәлелдеген қоғам қайраткері,іскер әйелдердің эталоны Ырза Тұрсынзада ханымның комиссия мүшесі ретінде жүлде тапсыруы мәртебелі де әрі көңілге қуаныш сыйлады.
Өйткені қоғамда ісі мен де өнегесі мен де өз орнын тапқан мұндай жандардан үйренер істер көп.Оны көрермендердің ойы мен құрметінен сезіп айтып отырмын.
Түйіндеп айтсақ осындай мағнасы мен маңызы зор іс шаралар өткізіп тұру аса қажет екен. Мерейлі отбасы атану әрбір шаңырақтың қолынан келетін іс.
Тек ынтымақ, береке, жан жылуы, құрметпен сыйластық болсын!
**
Қарлығаш Құспан ҚР.Журналистер одағының мүшесі, Астана қаласы ардагерлер кеңесінің медиатоп мүшесі