31 МАМЫР САЯСИ ҚУҒЫН-СҮРГІН ҚҰРБАНДАРЫН ЕСКЕ АЛУ КҮНІ.
Астана қалалық Ардагерлер ұйымы кеңесі саяси қуғын-сүргін және А шаршылық құрбандарын еске алу мақсатында гүл шоқтарын қою рәсімін өтк ізді
31 мамыр – саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күнінде «Ардагерлер ұйымы» республикалық қоғамдық бірлестігінің Астана қалалық филиалы Елордада қуғын-сүргін және Ашаршылық құрбандарына арналған ескерткіштерге гүл шоқтарын қою рәсімін өткізді.

Қалалық Ардагерлер ұйымдарының басшылары және белсенді мүшелері қатысқан бұл іс-шарада Қазақстан тарихындағы тағылымы терең күндердің бірі - саяси қуғын-сүргін мен ашаршылық нәубетінің құрбаны болған миллиондаған адамның рухына тағзым жасалды. Рәсімге қатысушылар саяси қуғын-сүргін мен ашаршылық құрбандарын бір минут үнсіздікпен еске алып, ескерткішке гүл шоқтарын қойды, нәубет құрбандарының рухына құран бағышталды.
Егемендік жолында құрбан болған халқымыздың белгілі және беймәлім қаһармандарының ерлігі, солақай саясат әсерінен ашаршылықтың құрбаны болған күнәсіз жандар тартқан қасіреттер ешқашан ұмытылмайды, олардың қасиетті рухы еліміздің есінде мәңгі қалады.

Қазақ халқының жүрегіне өшпес жара салған зұлмат жылдардың құрбандарын еске алу – өткенге тағзым жасап қана қоймай, тарихтың ауыр сабағын ұмытпауға үндейтін ерекше күннің бірі. Саяси қуғын-сүргін мен ашаршылық нәубеті миллиондаған адамның тағдырын талқандап, ұлттың рухани һәм демографиялық дамуына орны толмас зардап әкелді. Тәуелсіздік жылдарында тарихи әділдікті қалпына келтіру, жазықсыз жапа шеккен азаматтарды ақтау және өткеннің қасіретті кезеңдерін ұрпақ жадында сақтау бағытында ауқымды жұмыстар атқарылуда.
Мұндай тағылымды шаралар жас ұрпақтың тарихи санасын қалыптастыруда ерекше рөл атқарады. Өткеннің қасіретін білу – тәуелсіздіктің қадірін терең түсінуге жол ашады. Бүгінгі бейбіт өмір мен азат елдің бағасын сезіну үшін халқымыз бастан өткерген ауыр кезеңдерді ұмытпауымыз керек.
Айдашев Айтжан қалалық ардагерлер ұйымы аппаратының кеңесшісі.