Организация ветеранов

Организация ветеранов

Астанинский городской филиал Республиканского общественного объединения

70 жас-Қосбармақова Күляш Бектемирқызы!

Құрметті Күләш Бектемірқызы!

Әжелер шаңырақ.jpg

Астана қаласының ардагерлер кеңесі Сіздің саналы өміріңіздің тағы бір асқар кезеңі, айтулы да елеулі оқиға-70 жылдық мерейтойыңызбен шын жүректен құттықтайды. Өмір жолыңыз – өнеге, жүрегіңіз – мейірім, парасатыңыз – биік.«Әжелер шаңырағы» ансамблін он жылдан бері даналықпен, жүрек жылуымен, өзіңізге тән ізгілігіңізбен басқарып келесіз. Осы жылдар ішінде ансамбльді ұйымшыл, өнері өркендеген руханиятқа қызмет ететін үлкен бір шаңыраққа айналдырдыңыз. Сіздің жетекшілігіңізбен әжелеріміздің үні жаңғырып, ұлттық дәстүріміз дәріптеліп, талай тыңдарманның жүрегіне қуаныш пен рух сыйлап келеді. Өнерге деген адалдығыңыз бен еңбекқорлығыңыз бәрімізге үлгі. Алдағы ғұмырыңызда сән-салтанатқа, амандыққа, құт-берекеге толы болсын!Жан дүниеңіз әрдайым шуақты, айналаңыз шаттыққа толы болғай. Сіздің отбасыңызға амандық, шаңырағыңызға шаттық, дендеріңізге саулық, шығармашылық табыс, өмір жасыңыз ұзақ, балаларыңызбен,немерелеріңізбен қуанышты, бақытты күндеріңіз көп болуына тілектеспіз! Әрқашан еліміз бен халқымыздың құрметі мен қошеметіне бөлене беріңіз!

Күләш Қ..jpg

Құрметті Күләш Бектемірқызы! Мерейлі де торқалы жетпіс жасыңыз құтты болсын! Әлі де талайды тамсандыратын өнерлі шәкірт тәрбиелеп, әсем әуенмен елді қуанта беріңіз!

                                   Ізгі тілекпен, 
                            Астана қалалық ардагерлер кеңесінің Төрағасы С. Есілов
                    Астана қаласы желтоқсан,2025 жыл