Организация ветеранов

Организация ветеранов

Астанинский городской филиал Республиканского общественного объединения

8 НАУРЫЗ МЕРЕКЕЛІК ҚАБЫЛДАУ!

* Елордалық ару да асыл жандарды Астана қалалық ардагерлер кеңесінің Төрағасы Есілов С.С қабылдады.

банно.jpeg

бастық.jpeg

Шарипа.jpeg

Көктемнің шуақты күнімен, бәйшешек гүлімен дүниені нұрландырып келетін 8 наурыз мерекесіне орай Астана қаласы ардагерлер кеңісінің төрасы Сансызбай Сейтжанұлы Есілов қалалық кеңістің мүшелерін, аудандық кеңестің төрағалары мен қоғам белсенділерін қабылдап құттықттау өткізді. мы.jpeg

аппарат.jpeg

Жылы шырай, жарқын көңілмен өткен мерекелік кездесу нәзік жанды аруларға зор қуаныш сыйлады. Құшақтары гүлге, жүректері нұрға толған аяулы аналар мен қыз-келіншектер арнайы қабылдауға ризашылық білдіріп, зор алғыс білдірді.

заместитель.jpeg

әпкелер.jpeg

«Тіршіліктің нәрі, өмірге ұрпақ әкеліп әулетті жалғап, ел бірлігін сақтап азаматқа серік, шаңыраққа көрік болып жүрген әйелге бүкіл адамзат қарыздар. Олардың алдында дана да бала да бас иіп қастер тұтады. Бір қолымен бесікті, екінші қолымен әлемді тербететін аналар жарық дүниенің иесі де киесі болып саналады»,-деп жүрекжарды сөз арнаған Сансызбай Сейтжанұлының сөзі кімді болса да тебіренткендей.

бухгалтера.jpeg

Майра апай.jpeg

Күләш апай.jpeg

Уляш.jpeg

зам. Алтынай.jpeg

Серік.jpeg

Тамаша кездесуден соң қала әкімі Жеңіс Махмұтұлы Қасымбековтың қолдауымен мерекелік концертке шақырылған әйелдер төбесі көкке жеткендей әсерде болды.Бейбітшілік және келісім сарайының кіре берісінен «құттықтаймыз» деп қақ жарылып сап түзеген жас азамат жігіттер әрбір әйелге гүл шоғын ұсынып салтанатпен қарсы алды. Керемет ұйымдастырылған құрмет болды. Барлық аналар қауымы қуаныш пен бақытқа кенеліп ақ батасын жаудырып жатты. Ана жүрегінен шыққан Ақ бата ораза айында қабыл болып еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын! Аналарды құрметтеген ер-азаматтарымызға алла аман сақтап, абырой берсін!

                                           Құспан Қарлығаш журналист, медиатоп мүшесі.