Организация ветеранов

Организация ветеранов

Астанинский городской филиал Республиканского общественного объединения

80 ЖЫЛДА ТУҒАН ЖЕРГЕ ОРАЛҒАН ҚОС ЖАУЫНГЕР

80 ЖЫЛДА ТУҒАН ЖЕРГЕ ОРАЛҒАН ҚОС ЖАУЫНГЕР

Бүгін 2025 ж. сәуірдің 28-де Астана қаласында ерекше бір оқиға болды. ҚР қарулы күштерінің Орталық музейінде 80 жылдан кейін табылған екі жауынгердің мүрдесінен шыққан жеке заттары мен топырағын елге әкелген «Atamnyn Аmanaty» Қоғамдық бірлестіктің Ұлы Отан соғысында хабарсыз кеткендерді іздестірушілері екі жауынгердің туыстарына табыс етті. Әскери тәртіптің уставына сәйкес жауынгерлер сап түзеп, мемлекеттік Гимн орындалды. Жиынға ардагерлер, интернационалист жауынгерлер, қоғамдық ұйымдар мен баспасөз саласының қызметкерлері қатысты. Жиынды Қазақстан қарулы күштері Министрінің жанынлағы ардагерлер ұйымының орынбасары армия Генералы Нағұманов М.С ашып мазмұнды мәлімет берді.

сап түзеу.jpeg

рух.jpeg

приглашенные.jpeg

1418 күнге созылған қанды қырғын соғыстың зардабын тартпаған шаңырақ жоқ десе де болады. Майдан даласынан қайтпай қалған қаншама жас боздақтардың аналары, жесірлері, балалары 80 жыл өтседе хабарсыз кеткендерден бір дерек шығып қалар деген үміттерін үзген емес. «Күніне мың бір пәле көрсең дағы алланың құдыретінен күдер үзбе» деген тәмсіл бар. Военный.jpeg үшеуі.jpeg

Міне соның айғағы 80 жылдан кейін Белібаев Оразғали мен Оконечников Петр Константиновичтің мүрдесі табылып, ол жерден жауынгердің жеке басын айғақтайтын медальон мен комсомол билеті шыққан. «Atamnyn Аmanaty» бірлестігінің табандылығы мен қажырының арқасында қос жауынгердің туыстары іздестіріліп нәтижелі іс болды. Арнайы тәртіп бойынша әкелінген заттар мен жатқан жерінен алынған қабір топырағы жауынгерлердің туыстарына табыс етілді

немере.jpeg

апайлар.jpeg

Белібаев Оразғалидың немере қарындасы Шайгулакова Рахила өз сөзінде: тебіреніп «Өлгенім тіріліп, өшкені жанғандай күй кешіп тұрмын» деп «Atamnyn Аmanaty» арқалағандарға, сол ұйымның жетекшісі Молдағалиев Мұрат Жанатайұлына алғысын білдірді.

төртеуі.jpeg

Ешкім де еш нәрсе де ұмытылмақ емес. Отан үшін от кешкендерді кейінгі ұрпақ қастерлеп есте сақтайтын болады. Отан соғысының ардагерлері бұл күндері санаулы ғана қалды. Бірақ олар өткен ерлік жолы жыл сайын маңыздылығын жоймай, ел есінде жаңғыра бермек. Осынау жарық күннің сәулесі сөнбесін, еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!

                                 Құспан Қарлығаш ҚР жазушылар одағының мүшесі
                                 Астана қаласы,2025 жыл,28 сәуір.