Организация ветеранов

Организация ветеранов

Астанинский городской филиал Республиканского общественного объединения

9-МАМЫР ҰЛЫ ЖЕҢІСКЕ 75-ЖЫЛ

ҚҰРМЕТТІ ҰЛЫ ЖЕҢІСТІҢ ЖАУЫНГЕРЛЕРІ ТЫЛ АРДАГЕРЛЕРІ!

ШЕФ.jpg

Ұлы Отан соғысында қаһармандық танытып, қақаған қыста, толарсақтан саз кешіп, отпен оқтың арасында жүріп ерлік көрсеткен майдан ардагерлері мен тылда жан аянбай еңбек еткен ардагерлерді бүгінгі Ұлы Жеңістің 75 жылдық айтулы Күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Ұлан байтақ жерімізді, туған елімізді, біртұтас мемлекетімізді сақтап қалу үшін қазақ жауынгерлері батырлықпен күресіп, елдегі бүкіл халық еңбектің тамаша жетістігін көрсетті.

Оған құрметті тыл еңбеккерлері Сіздердің де қосқан үлестеріңіз ұлан-ғайыр! Биылғы жетпіс бесінші Жеңіс көктемін 44 соғыс ардагерлерімен қатар 405 Ұлы Отан соғыс ардагерлеріне теңестірілгендер, 3529 тыл еңбеккерлері де халқымызбен мерекені атауда.

Қаламыздағы өскелең ұрпағымызға патриоттық, отансүйгіште тәрбие беру жолында белсенді үлес қосудасыздар

Құрметті ардагердер, барша қала тұрғындары,қонақтар! Сіздерге зор денсаулық, ұзақ өмір, бала шағаларыңның қызығын көріп, бақытты болыңыздар деп тілек айтамын. Халқымыз аман, еліміз тыныш, аспанымыз ашық, бейбіт өмірде бай, ауқатты тұрайық.!

            **Іэгі ниетпен,«Ардагерлер ұйымы» 
             РҚБ Астана қалалық  филиалы ардагерлер Кеңесі мен Қоғамдық Кеңесінің Төрағасы
             Сансызбай ЕСІЛОВ*