Организация ветеранов

Организация ветеранов

Астанинский городской филиал Республиканского общественного объединения

АБАЙҒА ТАҒЗЫМ!

ҚАСИЕТТІ ЖҰМАДА Ұлы Абайға ТАҒЗЫМ

IMG_1833.JPG

Абай қазақ халқын дүние жүзінің зиялы қауымдастығына таныта білген зор тұлға екенін барша көпшілік жақсы біледі. Ұлы Абайдың 175 жылдығы аясында қаншама іс-шаралар атқарылуда.

Қалалық ардагерлер Кеңесі Абай Құнанбаевтың туғанына 175 жыл толуына байланысты ауқымды іс-шаралар өткізуде. Солардың бірі «Абай жолы» романын оқып, Абайдың өлеңдерін шырқап, қара сөздерінен сусындап өскен Нұр-Сұлтан қаласының аға буын өкілдері қасиетті жұма күні Ұлы Абайға тағзым етіп, хәкімнің ескерткішіне гүл шоқтарын қойды.

Қалалық ардагерлер Кеңесі төрағасының орынбасары Сәрсенбай Мыңбаев өз сөзінде «Қазақтың біртуар ұлдарының бірі, данышпан ақын, дана ғұламаларының бірі, философ, композитор, аудармашы, саяси қайраткер, қазақ әдебиетінің шоқтығы биік ірі тұлғасы Абайдың жарқын бейнесі, жалынды жыры бізбен бірге мәңгі жасап келеді, болашақта да жасай береді. Оның философиялық терең ойын, тәлім – тәрбиелік ілімін уағыздау ұрпақтан ұрпаққа аманат - деді.

Аталған іс-шараға қатысқан қала ардагерлері Абайдың теңдесі жоқ мұрасының шын мәнінде ұрпақ тәрбиесінде шоқтығы биік манаршам екендігін, оның айтқан нақыл сөздері салихалы, парасатты ой түйюге жетелейтінін, әрбір азаматтың дүниетанымын шыңдайтынын, өлеңдері жүрекке жылу ұялататынын атап айтты. Әлеуметтік қашықтықты сақтай отырып, қатысушылар Абайдың өлеңдерін айтып, қара сөздерінен үзінділер оқыды, естеліктерімен бөлісті.

Тәуелсіз Қазақстанның жаңа астанасының туын желбіретуге, ірге тасын қаласуға қатысқан ардагерлер Абай ескерткішінің алдында өздерінің өмір және еңбек жолдарында алған тәжірибелерін жас ұрпаққа жеткізуге, оларды отансүйгіштікке тәрбиелеуге, рухани байлықтарын нығайтуға ат салысуға уағдаласты.

IMG_1837.JPG

                     Возложение  цветов к памятнику Абаю

Столичные ветераны 10 августа возложили цветы к памятнику Абаю. Особенность празднования 175-летия великого Абая – юбилей, широко отмечаемый в 2020 году, подарил казахстанцам День Абая.

В церемонии возложения цветов к памятнику Абаю приняли участие представители городского и районных советов ветеранов столицы. Выдающуюся роль великого Абая, просветителя, философа, поэта в своем выступлении отметил заместитель председателя городского совета ветеранов Сарсенбай Мынбаев. Со школьной скамьи начинается наше восхождение к Абаю. Чаша мудрости мыслителя, золотые слова назиданий остаются путеводной звездой для многих поколений. Абай – наше народное достояние. Философия мыслителя – духовная скрепа для разных поколений наших соотечественников.

Слова Абая быть всегда человеком, овладевать знаниями, чтобы избавиться от невежества, актуальны во все времена. Как и призыв дружелюбно относиться к людям другой национальности. Бессмертные творения и гениальные мысли Абая выдержали испытания временем. И чем быстрее времени бег, Абай становится ближе и дороже нам.

В год 175-летия Абая мы открываем новые грани таланта гордости казахского народа. Ветераны столицы тепло восприняли учреждение нового праздника в календаре – Дня Абая, который отмечается 10 августа, в его день рождения.

9e31ab83-8402-4a93-981c-84a10eb06ab5.jpg

                                          **Раиса Агибаева,  член Союза журналистов РК***