Организация ветеранов

Организация ветеранов

Астанинский городской филиал Республиканского общественного объединения

АБАЙ ХАКІМ!

АСТАНА ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ «БАЙҚОҢЫР» АУДАНЫНА ҚАРАСТЫ «БЕЛСЕНДІ ҰЗАҚ ӨМІР СҮРУ ОРТАЛЫҒЫ» КММ
«АБАЙ ХАКІМНІҢ МҰРАЛАРЫ – ҰЛТТЫҚ КОД НЫШАНЫ»

Аталмыш іс-шара қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбаевтың шығармашылығының өміршеңдігін паш етуге, ақын туындыларының маңыздылығын, философиялық ойларының тереңдігін ұғынуға арналды. Осындай мәні терең, адамзат болмысының жан-жақты қыры мен сырын саралап көрсететін ғажап рухани дүниенің сөзсіз ұлттық кодымыз деп айтуға негіз бар.

Мұхтар Д.Е.jpg

Жоғары деңгейде ұйымдастырылған іс-шара тақырып аясында «Байқоңыр» ауданына қарасты «Белсенді ұзақ өмір сүру орталығының» зейнет жасындағы қызметалушылары тарапынан орындалды. Олар ұлы ойшыл Абай хакімнің қара сөздерін жатқа оқып, мазмұнын терең түсініп, соншалықты әсерлі әңгімеледі. Қызметалушылардың қатарында өзге ұлт өкілдері де белсендік танытып, ақын поэзиясынан үзінді оқып, түсініктерін өз сөздерімен баяндады.

пели.jpg

Айтулы байқау түрінде өткен әдеби-танымдық кешке Орталық директоры, қоғам қайраткері Мұхтар Дүйсенұлы Еркетаев қатысып, ризашылығын білдірді. Ол Абай оқуларына қатысқан қызметалушыларға және ұйымдастырушы қазақ тілі оқытушысы, танымал журналист, ғалым, жазушы Маржан Бектұрсынқызы Пірімбетоваға алғысын білдірді.

ПМБ.jpg

Арнайы шақырылған қонақтардың қатарында осы Орталық жанынан құрылған «Ұрпаққа аманат» клубының мүшелері және танымал ақындар мен зиялы қауым өкілдері болды. Олар да өз кезегінде ұйымдастырылған шараға оң баға берді. Атап айтқанда, Астана қаласы әкімдігінің Орталықтандырылған кітапхана жүйесінің бас маманы Манат Аршабекқызы, Астана қаласы Ардагерлер кеңесінен Меңлібаева Салтанат Даулетқанқызы кештен түйген ойымен бөліссе, ҚР Жазушылар одағының мүшесі, ақын Ауғанбай Жанайым авторлық өлеңін оқып және өзінің кітаптарын сыйға тартты. ҚР Білім беру ісінің үздігі Аманбаева Салиха Паритқызы жоғары деңгейде өткен іс-шараға оң баға беріп, ризашылық танытты. Ал ақын, жас хореограф Сәрсенкүл Нұржанқызы Салихова Абайға арнау өлеңін оқып, көпшіліктің ризашылығына бөленді.

Маржан.jpg

Сонымен бірге ұрпақтар сабақтастығы ретінде Астана қаласындағы №49 орта мектептің оқушысы Қарақат Абдрахманова Абайдың бірнеше өлеңін жатқа мәнерлеп оқып берді.Соңында барлық қатысушылар арнайы сыйлықтармен марапатталды.

                                   **М.Пірімбетова,ҚР Жазушылар одағының мүшесі.**