АБАЙ ӘЛЕМ ТІЛІНДЕ
«АБАЙ және РУХАНИ МҰРА» атты кітап көрмесі өтті
Қазақ халқының ұлы ақыны, қазақ әдеби тілінің негізін қалаушы, философ, ағартушы, аудармашы әрі композитор Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойын президентіміз Қасымжомарт Тоқаев жоғары деңгейде атап өту керек деген Қаулыға қол қойғаннан бері Қазақстан аумағында ғана емес, тіпті шетелдерде де ауқымды шаралар мен онлайн конференциялар өтуде.
Өздеріңіз білесіздер, ұлы тойдың басы 2020 жылы Абайдың өлеңдерін оқу чэлленджімен басталғанын. Оған Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың өзі де қатысқан.
Жоспар бойынша Ұлы Абайдың мерей тойына 500-ге жуық шара өту керек. Соның бірі елордадағы Республикалық ұлттық музейде «АБАЙ және РУХАНИ МҰРА»****атты тақырыпта өткен кітап көрмесін айтуға болады. Бұл шараны ҚР Ұлттық академиялық кітапханасының ұжымы ұйымдастырды. Көрме жұмысына қоғам қайраткерлері, ақын-жазушылар және Нұр-Сұлтан қаласының бір топ ардагерлері мен мектеп оқушылары, студенттер қатысты.
Абайды тану әрбір қазақтың міндеті деп сөз бастаған филология ғылымдарының докторы, профессор Шәкір Ыбыраев Қазақ халқының Х1Х-шы ғасырынан басталған, бүгінгі күнге дейін әдебиет әлемінде, тіпті қазақ халқының тарихында ұлы ақын, ағартушы, данышпан атанған Абай Құнанбайұлының алар орны ерекше. Абай ол небір дүлдүл айтулы ақындарымыздан оның жолы бөлек, әрі, Абайдың басқалардан парасат-пайымы да кең, өресі де өте биік деп баға берсе, Қазақстан Жазушылар Одағы Нұр-Сұлтан қалалық филалының директоры, ҚР еңбек сіңірген қайраткері, «Алаш» сыйлығының лауреаты, ақын Дәулеткерей Кәпұлы Ұлы Абайдың тұла бойындағы тылсым дүние, құпиясы тереңде жатқан сыйқырлы, әрі әсем суреттелген өлеңдерін оқысаңыз бүкіл денең шымырлап, ерекше күйде боласыз деп түйіндеді сөзін. Ал, Қазақстан Республикалық ұлттық музейінің директоры Арыстанбек Мұхамедиұлы: Абайтанушы Омар Жәлел былай деген екен: «Даңқы бар тұлғаның қасиетіне бас иетін халқы бар. Абай дүниетанымын зерделеу арқылы дүниені тану біздің парыз»,- депті.
Алайда, ұлы данышпан Абайдың ойлағанын бар қазақтың бойына сіңіруі де оңай емес. Дегенмен, біз соған тырысуымыз керек. Міне, бүгінгі өтіп жатқан кітап көрмесі соның бір айғағы деп түсініңіздер.- деп Абайдың дүниетанымын зерделеуге шақырды. Одан кейін сөз алған Ұлттық Академиялық кітапханасының директоры, педагогика ғылымдарының докторы, профессор Үмітхан Мұңалбаева кітап қөрмесін ашық деп жариялап қызыл лентаны қиюға қонақтарды төрге шақырды.
Осы көрмеге Абайдың Ақылбайынан туған Әлімқұл, сол Әлімқұлдан тараған Ләйла Мұхлесқызы Баймағамбетова, яғни Абайдың жиеншары қатысты.Ақ жаулықта Зере ананың рөлінде қазақ радиосының ардагер дикторы,қалалық ардагерлер кеңесінің медиатобының мүшесі Молдахметова Күләш,қонақтардың ішінде зиялы қауымдар қатарында Көпен Әмірбек,фольклортанушы,филология ғ.д.профессор Шәкір Ыбраев, ақын Бақытжан Тобаяқов, қалалық ардагерлер кеңесінің мүшесі Бұржұмбаев Бариолла Баймұхаметұлы.
Сол сияқты мазмұнды да мағыналы кітап көрмесі шарасына Нұр-Сұлтан қалалық ардагерлер Кеңесінің кеңесшісі бір топ ардагерлерді бастап келген Салтанат Меңлібаева сөз алып: Мына бүгінгі өтіп жатқан Ұлы Абайға арналған Ұлы тойдың жалғасы. Біздің ардагерлерде құр алақан емес, Екінші дүние жүзілік соғыста қан кешіп, туған жерін қорғаған майдангерлер, тылда жүріп майданға көмек берген бүгінгі ардагерлерді біз қашанда ұмытпаймыз. Сол даңқты жауынгерлер жайлы жазылған «Ұлы Жеңіс ешқащан ұмытылмайды» деген кітапты Қазақстан Республикалық ұлттық музейінің директоры Арыстанбек Мұхамедиұлы сізге сыйлай отыра «Көтеретін жүгіңнің ең ауыры білім бұлағы - кітап болсын»,- деймін. Осы елорданың төрінде тұрған қара шаңырақтың иесі, Сізге қонақ кәде ретінде ұсынамын деп Ұлы Жеңістің 75 жылдығына арналған кітапты сыйға тартты.
Кітап көрмесінде ақынның 1909 жылы бірінші шыққан кітабы мен 1942 жылы шыққан «Абай жолының» бірінші кітабы және қара сөздерінің көрмесі сол сияқты әр жылдарда шыққан «Абай жолының» көрмесі мен ұлттық кітапханадағы бар электронды контекттер, 1922 жылы шыққан Абайдың сирек кездесетін шығармалары мен 900-ден астам контектері қойылған екен. Абай жайлы зерттелген ғылыми еңбектер мен мерзімдік басылымдардан алынған мақалалар да бар. Барлығы 1000 жуық кітап. Көрме музейдің ішінен тігілген қазақтың киіз үйінде өтті. Сол киіз үйдің керегесі, кітаптан құралған. Қандай тапқырлық! «АБАЙ ОҚЫҒАН КІТАПТАР», «АБАЙ ӘЛЕМ ТІЛІНДЕ», «АБАЙДЫҢ МУЗЫКАЛЫҚ МҰРАСЫ», «АБАЙ ЖОЛЫ» РОМАН ЭПОПЕЯСЫ ӘЛЕМ ТІЛІНДЕ», «АБАЙТАНУ» деген тақырыптармен безендіріліп жазылған кітаптар да қойылған. Мектеп оқушылары мен жоғары оқу орындарының студенттері және кітапхана ұжымының қызметкерлері Абай өлеңдері мен қара сөзінен үзінділер оқып, ақынның өзі шығарған әндерін айтып, театрланған қойылым көрсетті. Абайдың балалық шағыннан бастап, оның өмірінің соңына дейінгі ақын бейнесі шынайы сомдалды. Кітапхана қызметкерлерінің ұйымдастырған көрмесінен сол күні ұлы Абай тіріліп келгендей әсерде болдық.
**Ғалия Құсайынқызы Балтабай
«Құрмет» орденді журналист**