АБАЙ АҚЫНҒА ҚҰРМЕТ!
Абай ақынға құрмет!
Бүгін-Астана қаласы әкімдігі мен Елорда қалалық ардагерлер ұйымының бірлесе ұйымдастыруымен халқымыздың біртуар бас ақыны, бүкіл түркі тілдес дүйім жұрттың мақтанышы, дүние жүзіне аян болған ғұлама, ойшыл философ, ағартушы, ұлт руханиатының жанашыры, ақыл мен ойдың иесі, хакім Абай Құнанбайұлының туған күнін аталып өтілді. Осы салтанатқа Елорда төріндегі бір топ ғалым-ұстаздар мен ақын жазушылар және Абай Құнанбайұлының жиені Ләйлә Баймағамбетқызы да қатысты. Мәдени шара Астана қаласы әкімдігі жанындағы Абай ақынға арналған зәулім ескерткіш алдында өтті. Жиналған зиялы қауым мен жастар алдында қалалық мәслихаттың хатшысы Ерлан Каналимов пен қала әкімінің орынбасары Есет Байкен сөз сөйлеп салтанатты жиынды ашты.
Жиналғандарға құнды деректер арқылы ақын Абай Құнанбаевтың бар болмысын, оның жан-жақтылығымен, елден дара тұрған өшпес бейнесін борын-соңды жұрт естімеген қырларын өлеңдетіп отырып жеткізген ғалым, ағартушы, филология ғылымдарының докторы, профессор Серік Негімовтың айтқан сөздеріне жиналғандар қатты риза болды.
Өзі өмір сүрген жылдардағы қазақтың қараңғы халқын білім мен өнерге, жамандықтан жиренуге шақырған дана Абай кезінде топас байларға қарсы тұрып мыңмен жалғыз алысқан данышпан ақын. Қасындағы білім мен өнерге құштар қаншама жастарды айналасына жинап, оларды оқытып, ұлтымыздың болашағына тура жол сала білген – ұлы ұстаз, қоғам қайраткері. Абай өз заманында ескірген заманды, шен құмарлық пен озбырлықты, қанаушылық пен жоқшылықтан азып бара жатқан халыққа қамқор боламын деп өзінің қара сөздерін жазды. Бүгінде осы Абайдың қара сөздері біз өмір сүріп жатқан заманда да қажеттілігін жойған жоқ. Осы жерде жемқорлар мен елді тонаушылар Абай данышпанның қара сөздерін оқып, тәубасына келсе дейміз. Шара барысында Астана қалалық Ерқағали Рахмадиев атындағы филормонияның әртістері де өнер көрсетті. Бізге ұнағаны Қазақстанның Еңбек сіңірген әртісі, Қазақстан Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Абай әндерін насихаттап жүрген белгілі әнші Кенжеғали Мыржықбай «Желсіз түнде жарық ай» әнін ешқандай музыкамен сүйемелдеусіз, жанды дауыста шырқағанда бүкіл қазақ даласы Абай әнін айтып тұрғандай әсер де болдық... Ғажап дауыс, керемет орындау. Тума талант. Біз соның куәсі болдық. Ең бастысы Астана қаласының ардагерлер кеңесі осы салтанатқа белсене қатысты. Алматы ауданының Халық ансамблі атағын жеңіп алған «Арқа әуендері», көркемдік жетекшісі Жанұзақова Кенжетай Ерғалиқызы, концермейстері -Кереев Теміреш
«Елорда»Халықтық қоры көркемдік жетекшісі:Дүйсенова Үміт Әлібекқызы, концертмейстері Тебереков Жекен Молдағалиұлы.
және «Сағыныш сазы» ұлттық аспаптар ансамблі,көркемдік жетекшісі Барлықова Күльзағила Молдасадыққызы. Ардагерлер өнер көрсетті: 1«Желсіз түнде жарық ай» - Акапелла. 2.«Көзімнің қарасы» - хор, 3.Терме «Сегіз аяқ» Есенбек Сәтпаевтың орындауында. 4.Абайдың әні «Өзгеге көңілім тоярсың» Сағындықов Саят орындауында 5.Құрманғазының күйі «Балбырауын» 6.Құрманғазының күйі «Адай»
Ал бүгін ақын Абайдың туған күніне орай Астанада Жастар сарайында «Адамзаттың Абайы» атты әдеби сазды кеш өтеді. Онда Қалибек Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театрының артистері мен эстрада жұлдыздары өнер көрсетеді. Келем деушілірге есік ашық?
Балтабай Ғалия Құсайынқызы
«Құрмет» орденінің иегері,Астана қалалық ардагерлер кеңесі жанындағы медиатоп жетешісінің орынбасары, фтокор:Ералы Әнуарбек