Аблаков Рафаил Гиреевич-ЕҢБЕК АДАМЫ!
Аблаков Рафаил Гиреевич-ЕҢБЕК АДАМЫ!

2026 жылдың 31 тамыз күні мен қалалық ардагерлер кеңесінің Төрағасының орынбасары Иргибаев И. М. және бөлім маманы Ақбергенова Ж. Б. үшеуміз кәсіби мереке қарсаңында еңбегі сіңген құрлысшы Аблаков Рафаил Гиреевичтің ұйіне барып, құттықтап қайттық едік. Алайда бұл кездесу мен үшін жай ғана мерекелік сапар емес, нағыз рухани таңғалысқа айналды.



Ардагердең ұйіне кіргенімде, қабырғада ілініп тұрған суреттерді көріп, таңданысымды жасыра алмадым. Бастапқыда мен бұл туындыларды арнайы галереядан немесе дұкеннен сатып алынған кәсіби суретшілердің еңбегі шығар деп ойладым. Брақ олардың барлығын осы шаңырақтың иесі өз қолымен салғанын білгенде таңғалғаным соншалық, сөзге келе алмадым. Ол кісі өз ісінің шебері, ғажайып суретші болып шықты. Оның қылқаламынан шыққан туындылардың көбі теңіз мотивтеріне арналған екен. Әсіресе маған ерекше өзінің әкесіне арналған суреті болды. Онда қыстың қахарлы бір күненде үш ат жегілген шанада келе жатқан әкесі мен оның соңынан ұмтылған қасқырлар тобы бейнеленген. Бұл — жай ғана қиялдан туған сурет емес, өмірден алынған шынайы оқиға екен. Сол бір сұрапыл сәтте әкесі аман-есен құтылып шыққан. Суреттен сол кездегі үрей мен үміттің, суық ызғардың лебі анық сезіледі.


Бір бойына ірі құрылыс компаниясын басқарған жоғары білікті инженер-басшының біліктілігі мен көрерменді баурап алатын гениалды суретшінің дарынын тоғыстырған бұл тұлғаға ғажайып адам деп қана баға беруге болады. Осындай ардақты жанның бойындағы тұнып тұрған суретшілік талантын осы уақытқа дейін білмей келгеніме өкінемін.
Бұл кездесу маған шын мәніндегі дарынды адамдардың арамызда қарапайым ғана өмір сүріп жатқанын тағы бір мәрте дәлелдеді.
Шарипа Үстемирова,"Есіл" ауданы ардагерлер кеңесінің төрайымы.