АДАЛ АЗАМАТ!
ӘДІЛ –АДАЛ АЗАМАТ
Жыл сайын Парламент пен Мәжіліс депутаттарының бірлескен отырысында Қазақстан Республикасының Президенті Қасымжомарт Кемелұлы Тоқаевтың Қазақстан халқына жолдауы үрдіске айналды.Әрине оны зор үмітпен күтетініміз анық. Бұл жолғы жолдау «Әділетті Қазақстанның экономикплық бағдары» деп ел экономикасын өркендетуге бағытталыпты.Еліміздің әл ауқатын жақсартып,еліміздің экономикалық жағдайын түбегейлі өзгертуге арналған мүмкіндіктер жан жақты сараланыпты.Оның ішінде блоктық бюджеттеуге мән берілген екен. Ол бүгінгі таңда өзекті болып тұрған мәселе болғандықтан назарды бірден аударды.Бюджет қазынасын толықтыруда салықтардан түсетін кірістерді жүйелеп, оны тиімді пайдалану, жергілікті жерге бөлінетін үлесін көбейту мәселесі бар.Ол өңірлердегі өндірісті, кәсіпорындарды дамытуға жол ашады деген сөз.Сондай- ақ тұралап қалған агроөнеркәсіптердің де тамырына жан бітіру кезек күттірмейтін шаруа.Ол үшін инфроқұрылымдарды жандандырып, тозығы жеткен техникаларды жаңалап, тиімді әдістерді батыл қолдану қажет. Жер құнарлылығын арттыратын агротехникалық қондырғылар басқа да қажетті иновациялық тәсілдер кеңінен енгізілуі керек.Отандық өнім өндірушілерге қолдау көрсетіп,ынталандырып отыру да бір амал болмақ.Оларға қол жетімді несие берумен ғана шектелмей оның іске ауу процесі де бақылауға алынуға тиіс,деп тұжырымдады Президент. Жолдауда экономиканы алға бастыруға негіз болатын жайттар молынан қамтылған. Стратегиялық маңызы бар энергетика және су ресурстары туралы нақты тұжырымдар жасалған.Біз электрэнергиясын өндірумен суды пайдалануда ешкімге, ешбір мемлекетке тәуелді болмауымыз керек. Екібастұздағы ГРЭСтер толықтай іске қосылып нақты жоспармен тиімді істеуі қажет.Ал адамзат тіршілігінің өзегі болып саналатын суды үнемдеп, оның қорын сақтауда аса мұқият болу қажеттілігін әр адам, әр отбасы білуге тиіс.Оны үнемдеуді ескермесек су тапшылығын тартатынымызды естен шығармау ләзім,- деп қадап айтты. Мемлекет басшысы кенорындарындағы ауыр да күрделі процестерді өзгертуді де назардан тыс қалдырмады.Оның инфроқұрылымын жаңартып,еңбек өнімділігімен қоса қауіпсіздік шараларын да ескерген жөн.Соңғы кездегі өндірістегі қайғылы жағдайлардың жиілеп кетуі көп жайтты аңғартса керек. Қарашығанақ, Теңіз, Қашаған секілді мұнай алпауыттары халыққа қол жетімді бағамен газ жеткізуге тиіс,- деп ескертіп өтті. Тағы бір Президент айтқан қуанарлық жағдай кадр тапшылығын қолдан жасамай білі ді, білікті мамандарды қолдау керектігі жайындағы түйінді сөз көңілге үміт ұялатты. Білімді жастардың шетелге кетуі еліне қызымет еткісі келмегендіктен емес әлі де тоңы жібімеген сыбайластықпен трайбализмнің кесірінен қағажу көргендіктен кетіп жатқаны жасырын емес. Жаңа Қазақстан, әлеуетті Мемлекет боламыз десек жастарға жол ашып қорған боьуымыз керек.Кадрлық резервтер жасалуы аса қпжет. Ұрпақтар сабақтастығын жалғастыруды дамытқан жөн. Абайдың «Толық адам» ілімін негізге алып «Адал азамат» қалыптастыруымыз қажет ,- деген Президент сөзі ең басты қағида болмақ.Мемоекеттің әрбір азаматы елінің өркендеуі үшін адал да аянбай еңбек етуі парыз.Ең бастысы бірлік пен ынмақтастықты нығайту. Ішкі сыртқы саясат ұстауда басқа мемлекеттерге үлгі болып отырған Президенттің сындарлы саясатын қолбап жаңа белестерге, ұтымды өзгерістерге қол жеткізуге атсалысайық ағайын!
**Қарлығаш Құспанова
ҚР Жазушылар Одағының мүшесі**