Организация ветеранов

Организация ветеранов

Астанинский городской филиал Республиканского общественного объединения

Адамзаттың Ұлы Абайы- 180 жылдығы

Адамзаттың Ұлы Абайы- 180 жылдығы

философия.jpeg

Тамыз айының бірінші күнінен бастап бүкіл қазақ елінде ұлы дүбір той басталды. Адамзаттың Абайы-ұлы Абай Құнанбайұлының 180 жылдық тойы қанатын кеңге жайып өрістеп барады. көрме.jpeg

Ұлылар елі Семейде ғана емес әрбір облыс,қала елді мекендердің барлығы Хакім Абайдың өлеңдері,қара сөздері,поэма аудармаларымен сусындап түрлі шаралар өткізуде. марапат сарбаздар.jpeg Бұл шаралар әр адамның санасын оятып рухани күш беруде. 5 тамыз күні «Қаламгерлер аллеясында» Астана қаласы орталықтандырылған кітапхана жүйесінің ұймдастырумен ауқымды іс-шара өтті.Оған кітапхананың оқырмандары мен бірге қаланың белсенді өкілдері ардагерлер де қатысты. жас ансамбль.jpeg «Алтын домбыра» ансаблі мен бірге жас жеткіншектер қатысып Абай шығармаларынан өлеңдер оқып ән шырқады. жас ақындар.jpeg Ардагерлер өкілдері де белсенділік танытып өлеңдерін жатқа айтты.Ұйымдастыру өте жоғары деңгейде болды. Бұл орайда орталықтандырылған кітапхананың басшысы Гүлбадан Сақтапқызы Мадибаева бастаған ұжым мазмұнды да тағлымды шараны өз мәнінде ұйымдастырғанына ризашылық білдірген орынды. ақын қыз.jpeg депутат.jpeg

Ал кітапхана қызметкері Сағыныш Дүйсенова Абайдың әнін тамылжыта орындағанына көрермендер тәнті болды. Бауыржан ЖОЖ.jpeg Әдеби шараға қатысқан Қазақстан жазушылар одағының Астанадағы филиалының төрағасы Бауыржан Бабажанұлы қатысып әдемі жыр кешін ұйымдастырушыларға ризашылық білдірді. Зере әже.jpeg

балалармен.jpeg

зрители.jpeg

Қарлығаш апай.jpeg

Абайдың сөзі, нақылдың көзі. Ұққанға болар жанға азық. Жалықпай оқы, зердеңе тоқы адастырмас сол қазық! Осы сөзді жыр кешіне қатысқан жастарға арнайы айтқымыз келді. Айттық та. Абай-дана. Абай-дара. Абай- адастырмас темірқазық. Сонан ажырамайық!

         **Астана Әкімшілік: Қарлығаш Бәкенқызы
        Қалалық ардагерлер кеңесінің медиатобының мүшесі.**