АКЦИЯ АНА ЖҮРЕГІ!
АРМЫСЫЗДАР ОТАНДАСТАР!
Ана деген әрқашанда киелі, Ана алдында әлем басын иеді. Жаһандағы жылулықты жинаған, Аналардың мейірі мол жүрегі,-деп жырлағандай, ананың мейірімді жүрегі “өзімнің балам, өзгенің баласы”,-деп бөлмейді.
Күні кеше табытты құшақтап “боталап” зар жылаған аналармен бірге барша аналар жыладық, жүрегіміз езілді, қабырғамыз қайысты. Ана жүрек деген осы!
Қай салада, қай мекемеде болмасын, айналасына бейжай қарамайтын, өз ісін адал атқаратын азаматтар баршылық. Сондай азаматтың бірі - “Nur Otan» партиясы «Байқоңыр» аудандық филиалы басшысы Ұлықпанов Дәурен Мұхамедсадықұлы қоғамда орны, айтар ойы бар, аналарды жинап, “Ана мейірімі” атты акция ұйымдастырды.
Акцияның мақсаты – Елорданың тыныштығын күзетіп, «Көкшетау» және «Павлодар» блок-бекеттерінде тұрған әскерилердің рухын көтеру, жігерлендіру, рухани қолдау көрсету.
Елордамыздың аналары -Низамутдинова Яннат Асхатовна, Искакова Бибигүл Қадырқызы, Мәдина Қуандық, Әйгерім Абылайқызы, Қайшарова Әлия Нұрышқызымен бірлесіп, Көкшетау блок-бекетінде тұрған сарбаздарға түскі асқа ұлттық ас мәзірін ұсынып, ет тартып, сорпа бердік. Қыстың қытымыр аязында қала кіреберісінде тұрған сарбаздарға тұмаудан сақтайтын дәрі-дәрмек, жылы шұлықтар таратып, аналық ақ тілегімізді айттық.
Қаламыздың тыныштығын кірпік қақпай қорғап тұрған өзіміздің ұлдарымыз, бауырларымыз. Алла еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын! Енді қан төгілмесін! Аналар жыламасын!
**Добрый вечер Страна!**
Сегодня мы были на блокпостах в направлении трассы Кокшетау.Мы привезли обед военным и полицейским,которые уже несколько дней берегут покой Страны и Столицы.Акцию под названием "Ана жүрегі" организовал филиал района Байконур нашей Столицы.Мы привезли нашим ребятам мед.препараты,теплые носки и обед, который им очень понравился.С нами в данной акции были и сказали слова благодарности Кайшарова Алия Нурышевна,Низамутдинова Яннат Асхатовна,Шакен Турар Саттаровна,которые от лица всех матерей поблагодарили парней охраняющих покой Страны и жителей города.Мы кормили ребят,а в глазах наших были слёзы от гордости за таких вот парней,таких молоденьких,которые были немногословны,но они искренне говорили всем Спасибо,мы были горды за ребят,которые достойно несут службу и огромное спасибо родителям,воспитавшим таких парней.Всё организовал и сделал это Первый заместитель Председателя филиала "Байконур"столичного "Nur Otan" Улыкпанов Даурен Мухамедсадыкович.Хороший руководитель,имеющий опыт организационной работы сумел всех собрать,организовать и сделать сегодняшнее мероприятие, респект Даурен Мухамедсадыковичу! Сегодня мы были на двух блокпостах.Мира и Благоденствия нашей Стране!!! Спасибо всем,кто оказал помощь и поддержку в организации данной акции.
Председатель столичного "Татарского образовательного культурного центра "Дуслык" Низамутдинова Яннат Асхатовна