Организация ветеранов

Организация ветеранов

Астанинский городской филиал Республиканского общественного объединения

ҚАЛАЛЫҚ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНДЕГІ САЛТАНАТТЫ ҚАБЫЛДАУ

АСТАНА ҚАЛАСЫНЫҢ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ ЕСІЛОВ СС. "1 ҚАЗАН -1ҚАРАША" ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ АЙЛЫҒЫНЫҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫ БОЙЫНША ҚАБЫЛДАУ ҰЙЫМДАСТЫРДЫ.

Кездесудің құрметті қонақтарына белсенділік көрсетіп атқарған жұмыстарына алғыс білдіріп,"Алғыс хат" тапсырды.

общая.jfif

**Астана қаласы 02.қараша сағат 11.00де, қала әкімінің ғимаратында,220 мәжіліс залында қалалық ардагерлер Кеңесінің Төрағасының кездесуіне шақырылған мекеме басшылары мен жеке тұлғалардың

ТІЗІМІ*

  1. Бабамұратов Дәурен Әбутәліпұлы «Астана қаласының Ішкі саясат Басқармасы» ММ.
  2. Шапашов Санат Бақытұлы «Астана қаласының Мәдениет Басқармасы» ММ, басшысы.
  3. Қамзин Нұран Амангелдіұлы «Астана қаласының Мәдениет Басқармасы» ММ, мекеме басшысының орынбасары.
  4. Еркетаев Мұхтар Дүйсенұлы «Белсенді ұзақ өмір сүру орталығы» КММ директоры.
  5. Қамбаров Қайрат Тельманұлы «Жастар саясаты мәселелері Басқармасы» ММ, басшысы
  6. Еркін Советбекұлы Ботақанов Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары-Ұлттық ұланның Бас қолбасшысы, генерал-майор (Ұлттық ұланның Құрметті рота қараулы сарбаздарының командирі). Орнына Полковник Жантемиров Мурат Жанабилович келеді
  7. Қамбарова Фариза Жанғалиқызы Астана қаласы Ішкі саясат Басқармасы» ММ, медиа орталықтың жетекшісі
  8. Ахметқазы Аяулы Қайратқызы, журналист, Астана қаласы әкімдігі жанындағы медиа орталықтың журналисі
  9. Дакенов Ерлан Ерғазыұлы Е.Рахмадиев атындағы Мемлекеттік Академиялық филармонияның директоры, «Құрмет» орденінің иегері.
  10. Рахым Арайлым Рахымқызы Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген Қайраткері, Е.Рахмадиев атындағы Мемлекеттік Академиялық филармонияның классикалық және эстрадалық вокал бөлімінің көркемдік жетекшісі
  11. Былкилова Халида Қуанышқызы филармонияның көрермендерге қызмет көрсету бөлімінің жетекшісі, заңгер, зейнеткер.
  12. Тажинов Бахыт Рахымғалиұлы филармония режиссері
  13. Ежембек Қуат Мұратұлы филармония сценарисі- менеджер
  14. Сеитова Гүлмира Серікбайқызы , «До' Star» замануи вокал мектебі, жетекшісі.
  15. Абельдинова Раушан Серикбайқызы «Gold Step» хореограф
  16. Умирбеков Марат Сәбитұлы «Gold Step» академия жетекшісі
  17. Бахыбай Айгерім «Gold Step» би академиясы

**Қалалық ардагерлер Кеңесінің Төраға орынбасары С.Жұмағатов

**Есілов Сансызбай Сейтжанұлының сөйлеген сөзі.

Сіздердің аға бұынға көрсеткен қамқорлықтарыңыз, өмірлік тәжірибелері мен ақыл-кеңестерін, тәлім-тағылымдарын бағалап жүргендеріңіз біз үшін орны бөлек. Қазіргі кезде құрметті демалыстағы қаламыздың ардагерлері қоғамда үлкен жұмыстар атқаруда, қаламыздың өркендеуіне өз үлестерін қосып, өскелең ұрпақтың бойына патриоттық тәрбие рөлін қалыптастыруда қол ұшын беріп келеді.

Төрт аудандық ардагерлер ұйымында 70 мыңға жуық зейнеткерлер 372 бастауыш ардагерлер ұйымының белсенділері. Әр ардагер кешегі қызметкер, бүгін қоғамның белсенділері, өзіндік жастарға айтары бар тұлғалар.

Сондықтан жастар арасындағы тақырыпты кездесулердің мәні мен маңызын ескеріп, ата-баба дәстүрін насихаттап, қазақтың бір туар батырларының ерліктерін ескеріп жұмыстарды жандандыруға атсалысайық.

Құрметті бауырлар, осы кездесуге шақырылған Мәдениет саласының, Ішкі саясат, Жастар саясаты, Ұлттық ұлан Гвардиясының Құрмет рота қарауылының басшылығы, биылғы жылғы «1 қазан Халықаралық қарттар Күні шарасының шеңберінде атқарылған айлық» аясында ерекше қолдау көрсетіп, үлкен ұрпақ сабақтастығы бағытындағы шараның өз дәрежесінде өтуіне ықпал еттіңіздер, сол себептен сіздерге барша қалалық ардагерлер Кеңесінің атынан рақмет етуге бас қосып отырмыз.

Еркетаев М.Д.jfif

Биыл Роза Бағлановаға-100 жыл., Маншук Маметоваға-100 жыл,Талғат Бигелдиновқа-100 жыл, Дінмұхамет Қонаевқа-110 жыл, Мұхтар Ауэзовқа -125 жыл, Қаракерей Қабанбай Батырға-330 жыл, Қазыбек Биге-355жыл, болса

Мемлекеттік рәміздердің қабылданғанына 30 жыл, 30 жыл дипломатиялық келісім шарттарға қол қойылды, жаңа үш облыс құрылды, референдум өткізілді, қайтадан бір мүшел аралап,25 қазан Қазақстан Республикасының Мемлекеттік, Ұлттық мереке Республика күні аталды. Осы атаулы шаралардың бәріне біздің ардагерлер белсенді түрде қатысты да ұйытқысы болды.

Атап айтсақ, биылғы жыл Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына № 48 қазақ мектеп лицейінде қалалық ардагерлері аға буын өкілдерінің жастармен ерекше кездесуін өткіздік. Бірінші сыныпқа барған Ахмет Мырза деген алты жасар сәбидің –вундеркинд, Алпамыс Батыр эпосын 25 бет «А-4» форматта жатқа біледі, Абай, Мұқағали, Мағжан, Ұлт ұстазы Ахметтің өлеңдерін жатқа біледі, Конституцияның 98 бабы мен Преамблуасын жатқа біледі, Мемлекттік рәміздердің тарихын ,авторларымен, Мемлекеттік қызметкерлердің антын жатқа біледі және сол жиында «МЕН ООНның (БҰҰ) ПРЕЗИДЕНТІ боламын деп, алақанын Конституцияға қойып, антты тақылдап айтып берді. Осындай ерекше балаға қариялар батасын берді, әжелер тілашар ырымын жасап «Көтеретін жүгіңнін ең ауыры білім мен кітап болсын» деп қолына әліппе ұстатты.

Тағы бір айта кетер мысал, сол Ахмет Байтұрсын Ұлт ұстазының 150 жылдық шарада көшелері Абай атымен аталған Азербайжан, Грузия, Туркия мемлекеттерге велошерумен аттанған жерлесіміз, жас журналист Ернат Мэлсұлының жоспарлаған 55 күнде 5555 шақырымдық сапарына ақ жол тілеп, мемлекеттік туды иығына жауып, тапсырып шығарып салсақ, бүгін сағат 10.25 те Астана әуежайына қонды. Бұл азаматымыздың үлкен бір ерлігі деп қабылдаймыз.

БабамұратовД.Ә.jfif

все.jfif

22 қазан Республика күні мерекесі қарсаңында қаладағы белсенді ардагерлер құрамында 117 адам бар «Ақ кимешек киелім» атты жаңадан құрылған аналар ұйымы алғашқылардың бірі болып қазақстандықтарды Ұлт мерекесімен құттықтады, басым көпшілігі аналар болды. Режиссеры Арайлым Рахымқызы, бүгінгі қонағымыз ортамызда, рақмет сіздерге. Жастарды ата дәстүрдің негізіне баулу мен ұлттық құндылықты насихаттау бағытындағы жұмыстарыңызға табыс тілейміз.

Бақытжан.jfif

2023 жыл жерлесіміз, Халық Каһарманы, Кеңес Одағының батыры Сағадат Нұрмағамбетов ақсақалымыздың 100 жылдығын атап өтеміз! Келешекте бәріміз бірігіп қала жастарымен патриоттық тәрбиеде маңызды кездесу ұйымдастырайық. Назарларыңызға рақмет!

                     Қалалық ардагерлер Кеңесі.