**Қалалық ардагерлер Кеңесінің Үндеуі**
Құрметті Ардагерлер! Құрметті Нұр-Сұлтан қаласының тұрғындары!
Ең жарқын және шын жүректен тойланатын мерекелердің бірі
1 қазан - қарт адамдардың Халықаралық Күні жақындап келеді, оны бүгін бүкіл прогресшіл адамзат атап өтеді.
Бұл аға ұрпақтың қаһармандығына зор алғысымызды білдіруге мүмкіндік туғызатын күн ғана емес, сонымен бірге оларға шынайы назар аударылатын да күн.
Бұл аға ұрпақтың мұқтажына тағы да бір зер салуға жақсы себеп болатын күн.
Тұрмысының жайлы болуына көмектесіп, нақты қолдау жасалатын күн.
Бірақ бұл біздің парызымыздың азғантай ғана бөлігі.
Егде жастағы азаматтар, ең алдымен 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысының ардагерлері, қоғам өмірінде айырықша рөл атқарады.
Олар Ұлы Отан соғысы жылдарында, қираған шаруашылықты қалпына келтіруге, жаңа өнеркәсіп орындарын салуға, жас ұрпақты тәрбиелеуге зор еңбек сіңірді.
Олар бізге көп нәрсені: еңбек етуді және жарқын болашаққа сенуді, тәртіптілік пен әділеттілікті бағалауды үйретті.
Олардың ізгі жүрегінен біз қолдау көрсету мен түсіністікпен қарауды, сабырлылық пен сүйішпеншілдікті, қажыр-қайрат пен шабытты көреміз, үйренеміз.
Бас қаламыз Нұр-Сұлтанда қарт адамдарға аса назар аударылып келеді және аударыла береді, олардың материалдық жағдайын және денсаулығын жақсарту жөніндегі шаралар қабылдануда.
Бұл Ұлы Жеңістің 74 жылдығына дайындық және оны мерекелеу кезінде айырықша көрініс тапты.
Соңғы жылдары ардагерлер ұйымдарының бастамасымен елде қарт адамдарды әлеуметтік қолдаудың айлығы өткізілуде, қазандағы мерекеге орайластырып ұйымдастырылатын ол ардагерлердің қоғамға сіңірген еңбегі мен беделін тану бойынша жаппай, жалпыхалықтық қозғалыстың, сондай-ақ қарт адамдарға назар аудару мен жан-жақты көмек көрсетудің ажырамас бөлігіне айналды.
Қарттық проблемаларына жұртшылықтың назарын аудару, қарт адамдардың ісіне әлеуметтік қатысуды қалыптастыру, ұрпақтардың ынтымағын нығайту мақсатында қалалық ардагерлер Кеңесі атқарушы органдардың басшыларына, кәсіпкерлерге, шаруашылық басшыларына, маслихат депутаттарына егде жастағы азаматтарға моральдық, әлеуметтік-тұрмыстық және басқа да қажетті көмек көрсету бойынша 2019 жылғы қазанда дәстүрлі айлық өткізуге өтініш жасап, хат жолдады.
Қарт адамдар үшін ардагерлер ұйымдары мен билік органдары тарапынан назар аударудың, жылы сөз айтудың, олардың сіңірген еңбектерін қоғамның мойындауының, әңгімелесу кезінде құрмет көрсетудің, сеніммен қараудың маңызы зор. Алдағы айлық барысында осыған негізінен баса назар аударған жөн.
Біз өткен жылдардағыдай қарт адамдарға қоғамнан қолдау көрсетіліп және көңіл бөлінетіне сенеміз.
Қалалық ардагерлер Кеңесі