ҚАЛАЛЫҚ АРДАГЕРЛЕР ПЛЕНУМЫ
https://www.facebook.com/profile.php?id=100035676500612
**2023ж,14 сәуірде "Ардагерлер ұйымы" РҚБ Астана қалалық филиалының Пленумы өтті.
Пленум жұмысына Астана қаласы Әкімі Женіс Махмудұлы Қасымбек, Астана қаласы маслихатының Төрағасы Ерлан Ермекұлы Каналимов, Астана қаласы әкімінің орынбасары Бәйкен Есет Берікұлы, «Аманат» партиясы Астана қалалық филиалының Төрағасы Жакенов Берік Оралұлы, аудан әкімдері, қалалық Басқарма басшылары, және қоса серіктес құрылымдарының ардагерлер ұйымдарының төрағалары қатысты.
Пленумның күн тәртібіне төмендегідей мәселелер енгізілді:
- "2022 жылғы жұмыс қорытындылары және Қазақстан Республикасының Президенті Қ. К. Тоқаевтың 2022 жылғы қыркүйек айындағы Қазақстан халқына Жолдауы аясында "Ардагерлер ұйымы" РҚБ Астана қалалық филиалының 2023 жылға арналған міндеттері туралы". Баяндамашы Есілов С.С.-қалалық ардагерлер кеңесінің Төрағасы.
Пленум Астана қаласы әкімдігінің конференц залында өтті. Пленумды Есілов Сансызбай Сейітжанұлы ашып, жүргізіп отырды. Қалалық ардагерлер Кеңесі Пленумында есеп беру-сайлау конференциясынан кейін екінші рет бас қосты. Пленум офлайн режимде, толық құрамында өткізілді. Сөйлеушілердің ұсыныстары ескеріліп, Пленум шешім қабылдады.
Қалалық ардагерлер кеңесі Астана қаласы.
14 сәуір,2023ж.