Организация ветеранов

Организация ветеранов

Астанинский городской филиал Республиканского общественного объединения

АЛМАТЫ АРДАГЕРЛЕРІ БАСҚОСУДА

АҚЫЛДАСЫП ЖАСАҒАН ІС ОҢҒА БАСАР

Кеше, сәуірдің 5-і күні Нұр-Сұлтан қаласына қарасты «Алматы» аудандық ардагерлермен бірлескен кездесу өтті.

1а.jfif

Аталмыш бас қосуға Нұр-Сұлтан қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының басшысы Нұрғожина Сәуле Ордабайқызы, «Алматы» ауданы әкімінің орынбасары Қожекенов Мухамедияр Нұрлыбекұлы және Нұр-Сұлтан қаласының қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы стационар бөлімінің басшысы Төлешова Фарида Аяпқалиқызы шақырылды. Қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының басшысы Нұрғожина Сәуле Ордабайқызы ардагерлерді қолдау бағытында атқарылып жатқан қызмет жөнінде толық аудан тұрғындары мен ардагерлердің сұрақтарына тұщымды жауап, мәлімет берді. Фарида Аяпқалиқызы қала жанындағы елдімекен тұрғындарына да емдік, әсіресе тіс емдеу, протездеу туралы айтып өтті. Аудан ардагерлері мен бастауыш ұйым жетекшілері көптеген сұрақтарға, атап айтқанда, тұрмыстық-әлеуметтік мәселелерге қатысты сауалдарына жауап алды. Кездесу тиімді жағдайда өзара үлкен түсіністікпен өтті. Кездесудіің күн тәртібімен таныстырып, кездесу барысын Астана қалалық «Ардагерлер ұйымы» АҰБ төрағасының орынбасары Жұмағатов Сатыбалды Сибағатұлы жүргізді. Бұдан былай қаладағы төрт аудандарда осындай кездесулер ұйымдастырылып, ардагерлердің көкейіндегі толғандырып жүрген сұрақтарға жауап берілетінін атап айтты. 2021 жылы құрылған «Белсенді ұзақ өмір сүру» орталықтарының артықшылықтары мен ардагерлерге тегін өтетін түрлі үйірмелер туралы да айтылды.

2б.jfif

зубы.jfif

Бурабай жанындағы астана қалалық ардагер-зейнеткерлеріне арналған «Қатаркөл» оңалту орталығының тиімділігі мен қолжетімділігі жайында да айтылды. Қала тұрғындарының арасында жеке басты қараусыз-қамқорлықсыз қалған ардагерлердің жағдайлары туралы да айтылып, шешімін табатын мәселелер қарастырылатын болды.

1.jfif

зал1.jfif

Өзекті мәселелердің қатарында тұрғын үй айналасының тазалығы тағы басқа отбасылық әлеуметтік салалар бойынша да назарға ұсынылды. Сонымен қатар «Шарапат» уақытша сауықтыру қамқоршылық орындары туралы атап айтылды.

                                Примбетова М.Б, 
                            Нұр-Сұлтан қаласы 
                           Ардагерлер кеңесінің медиа тобының  мүшесі