Организация ветеранов

Организация ветеранов

Астанинский городской филиал Республиканского общественного объединения

АЛМАТЫ ФЛЕШМОБ!

«Алматы» ауданының ардагерлері Конституцияға өзгерістер енгізу жобасын қолдау бойынша флешмоб өткізді.

второй.jfif

девятый.jfif

3860a96d-4c84-4bd1-8eab-55896b4568d7.jfif

6d04627d-e42d-4f4f-a41f-cf3b5092b43e.jfif

be3a1388-80ff-44c5-a643-9bce95a8cd1b.jfif

97b47544-b1f6-410b-9736-36d8ab5ba888.jfif

Үстүміздегі жылдың 22 мамырында елордалық «Алматы» ауданының ардагерлері 05 маусымда өтетін Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар еңгізу жөніндегі республикалық референдуымын қолдау мақсатында флешмоб өткізді. Аталған флешмоб «Алматы» ауданының ардагерлер Кеңесінің Төрағасы Марат Кәрімұлы Мустафинның бастауымен ұйымдастырылды. Флешмобқа «Миллениум-Ардагерлер» бастауыш ұйымының белсенділері жұмылдырылды, төрайымы Раушан Секенқызы Искакова .

Ауа-райының қолайсыздығына қарамастан музейлерде, театрларда, концерттік залдарда, «Бәйтерек» монументінде және елорданың басқа да көрнекті орындарында болып, өскелен ұрпақты, жастарды, кәсіпкерлерді және қала тұрғындарын өз елінің патриоты болуға, белсенділік пен азаматтық позиция танытуға шақыра келе, абыз ақсақалдарымыз бен ақ жаулықты аналарымыз қазақтың сән ұлттық киімімен, сырнайшы Жекеев Талғаттың сүйемелдеуімен аққан баянмен ән айтып, би билеп, БІЗ БІРГЕМІЗ деген бағытта, таңдауымызды айқындайтын Президентіміздің жаңа әділетті Қазақстанды құруға арнаған бастамасын қолдап және алдағы 2022 жылғы, 05 маусымда өтетін республикалық референдумға бір кісідей қатысуға шақырды.

Бір күн бұрын Бауыржан Момышұлы көшесі 16 үйінің ауласында «Тұрмыс» бастауыш ардагерлер ұйымының төрайымы Оспанова Жарылқасын ардагерлерімен және үй тұрғындарымен заң жобасын талқылап, біздің Президентіміздің жаңа, әділетті Қазақстан орнату туралы Үндеуін толығымен қолдады. Бұл эстафетаны «Әл Фараби-2» бастауыш ардагерлер ұйымының ардагерлері, төрайымы және «Артурион» фитнес клубының жаттықтырушысы Карпова Галинаның клубына қатысушы Байқоныр, Есіл және Сарыарқа аудандарының зейнеткерлері мен «Алтын ғасыр» бастауыш ардагерлер ұйымының белсенділері, төрайымы Закирова Хадиша және басқа да ауданның бастауыш ардагерлер ұйымдары қолдады.

                                «Алматы»  ауданы       ардагерлер Кенесінің
                          маманы   Г. Сейдахметова