Организация ветеранов

Организация ветеранов

Астанинский городской филиал Республиканского общественного объединения

АЛМАТЫ АУДАНЫНЫҢ ПЛЕНУМЫ

Кезекті Пленумның отырысы өтті

24cfb0b5-2dd8-4592-899f-ede6956db7fa.jpg

2021 жыл,18 наурызда, елордалық Алматы ауданының ардагерлер Кеңесінің кезекті Пленумы өтті. Күн тәртібінде аудандық Кеңестің 2020 ж. атқарған жұмысы жөнінде кеңестің төраға С.Бахралиновтың есебі тыңдалды. Жарыссөзде Кеңес мүшесі "Тұран" бастауыш ұйымының төрағасы Б.Буржумбаев пен "Жігер" БҰ төрағасы О.Балкенбаев сөз алды, аудандық Кенестің және төрағаның жұмысына қанағаттанарлық деген баға берілді. Кеңес жұмысына қалалық ардагерлер Кеңесінің төрағасы С.Есілов, Алматы ауданының әкімінің орынбасары А.Елімсарина және аудандық ардагерлер кеңесінің мүшелері қатысты.

пленум алматы.jpg

Сөз кезегінде қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы С.Есілов аудан төрағасы С.Бахралиновтың өз еркімен жұмыстан босатуы туралы өтініш білдіргенін тие кетті және өтінішін қанағат еткен шешімін жәриялады. Қала басшылары аудан әкімінің атынан және қалалық ардагерлер Кеңесінің атынан Сағидолла Габбасұлының еселі еңбегіне ризашылығын білдіріп, құрмет көрсетті. Ыстық ықыласты АЛҒЫС ХАТ тапсырылып ШАПАН ЖАПТЫ. Пленум жұмысының барысында пленум құрамына өзгертулер енгізіліп, бірауыздан төраға сайланды.

әкім.jpg

Жаңадан сайланған төраға Аширов Амангелді Абдуахитұлы, белгілі қоғам қайраткері, қалалық ардагерлер Кеңесінің мүшесі, Орталық Кеңестің "Құрметті ардагер" атағының иегері. Жыл басы НАУРЫЗ құтты болсын ҰЛЫС ОҢ БОЛСЫН,АҚ МОЛ БОЛСЫН деп барша әріптестерді және елордалық зейнеткер-ардагерлерді аман сау болғандарына тілек білдіремін. "ҚАЗЫНА" БЕЛСЕНДІ ӨМІР СҮРУГЕ ШАҚЫРАМЫН!

                      Қалалық ардагерлер Кеңесінің медиатоп мүшесі,Алматы ауданының Пленум мүшесі, Қазақ радиосының Құрметті ардагері, Молдахметова Күләш Кәйләнқызы. 18 наурыз 2021 жыл*