Организация ветеранов

Организация ветеранов

Астанинский городской филиал Республиканского общественного объединения

«АЛТЫН ОРДА.ДАЛА ИМПЕРИЯСЫ ӘЛЕМДІ ҚАЛАЙ ӨЗГЕРТТІ»

«АЛМАТЫ АУДАНЫ» АРДАГЕРЛЕРІ «АЛТЫН ОРДА.ДАЛА ИМПЕРИЯСЫ ӘЛЕМДІ ҚАЛАЙ ӨЗГЕРТТІ» АТТЫ КІТАПТЫҢ ТҰСАУКЕСЕРІНЕ ҚАТЫСТЫ

Мэри.jpg

2026 жылдың 12 қыркүйегінде Астана қаласында М.Нәрікбаев ат.Қазақ гуманитарлық заң университетінің оқу залында француз тарихшысы, Бишкектегі Францияның Орталық Азияны зерттеу институтының басшысы Мари Фавероның «Алтын Орда.Дала империясы әлемді қалай өзгертті» атты, қазақ тіліндегі нұсқасының тұсаукесері өтті. Іс-шара ҚР Президентінің жанындағы Ұлттық ғылым академиясының бастамасымен Steppe & World Publishing баспа үйі және ҚР Франция Елшілігімен бірлесіп ұйымдастырылып, өткізілді. Тұсаукесерде кітап авторы Мари Фаверо зерттеуінің негізгі тұжырымдарымен бөлісіп, Жошы ұлысының саяси-экономикалық жүйесі, Алтын Орданың Еуразиядағы сауда мен дипломатияның дамуына ықпалы, көшпелілер өркениетінің тарихи мұрасы және дала империяларының әлемдік тарихтағы рөлі туралы баяндама жасады. Халықаралық ғылыми ортада кеңінен танылған бұл іргелі еңбектің қзақ тілінде жарық көруі қазақстандық оқырмандарға Алтын Орда тарихына қатысты заманауи халықаралық зерттеулермен ана тілінде танысуға мүмкіндік берді. Автор еңбегінде Алтын Орданы ортағасырлық дала мемлекеті ретінде ғана емес, Еуразиядағы саяси, экономикалық және мәдени үдерістерге елеулі ықпал еткен қуатты империя ретінде қарастыраған. Сауда жолдары, дипломатиялық байланыстар, қалалардың дамуы, мәдени алмасу және Шығыс пен Батыс арасындағы тарихи сабақтастық арқылы Алтын Орданың әлем тарихындағы орны жаңаша пайымдалған. Кітаптың басты ерекшелігі – дала өркениетінің әлемдік тарихи үдерістердегі рөлін кең ауқымда көрсетілген. Ғалым еңбегінде араб, түркі, орыс, көне итальян, латын және парсы тілдеріндегі жазба деректерді, археологиялық зерттеу нәтижелерін, Жошы ұлысы хандарына қатысты нумиз¬матикалық материалдарды кешенді пайдаланған. Мари Фаверо Еуропада Алтын Орда мен көшпелі халықтар туралы қалыптасқан теріс көзқарасты өзгерткісі келгенін айтты.Жошы ұлысының мұрасын Қазақстан тарихы аясымен ғана шектемей, оны ортағасырлық Еуразияның саяси және экономикалық дамуының маңызды құрамдас бөлігі ретінде көрсеткен. Іс-шара қорытындысы бойынша Жошы ұлысы мен Алтын Орда тарихын зерттеудің өзекті мәселелері талқыланып, халықаралық ғылыми еңбектерді қазақ тіліне аудару, ғылыми-ағартушылық байланысты нығайту және тарихи білімді кеңінен насихаттау бағыттары айқындалды. Тұсаукесер Мемлекет басшысының кітап оқу мәдениетін сондай-ақ, Республикамыздың Президенті Қасым – Жомарт Тоқаевтың Ұлтық құрылтайдың «Адал адам – Адал еңбек – Адал табыс» атты үшінші отырысында айтқан: « Алтын Орда туралы халықаралық аренадағы түсінік Қазақстанмен тікелей байланысты болуы керек» , - деген ұстанымын орындауға қосылған көлемді үлес ретінде қабылданды. «Ардагерлер» ұйымы республикалық қоғамдық бірлестігінің Орталық кеңесі төрағасы Ә.Құсайыновтың «Даналық формуласы» (27.08.2026) атты концептуалдық мақаласында: «Аға буын өздерінің басты рөлін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Әділетті Қазақстанды құру және «Адал азамат» тұжырымдамасын қалыптастыру жөніндегі стратегиялық бағытын қолдаудан көреді... «Алтын Орда» тарихи сана және бабалар аманаты. Жошы ұлысынан бастап «Алаш» қозғалысына дейінгі өз тарихын білу мемлекеттік ойлауды қалыптастырады. Тарихи жады – бұл өткенге соқыр сезіммен бас ию емес, сыртқы идеологиялық манипуляцияларға қарсы қалқан және егемендік мақтаныштың негізі», -деп атап көрсетуі «Алматы» аудандық ардагерлер Кеңесі мүшелерін фрацуз ғалымы Мари Фавероның «Алтын Орда» туралы кітабына қызығушылығын арттырды. Осылайша, ардагерлер: Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ-нің профессоры, философия ғылымдарының кандидаты , ЕҰУ-дің ардагерлер Кеңесі төрағасы, Алматы аудандық ардагерлер Кеңесі Президиумының мүшесі Күлзира Искакова; Алматы ауданы ардагерлер Кеңесі медиатобының басшысы Баянды Бұлғақпаева; Алматы аудандық ардагерлер Кеңесі Президиумының мүшесі Ұрқия Акишева аталған тұсаукесерге қатысып, кітап авторы Мари Фаверо ханымен фотосуретке түсіп, «Алтын Орда. Дала империясы әлемді қалай өзгертті» атты кітабы мен оның қолтаңбасын алды. Тұсаукесер кездесуінің соңында кітап авторына көптеген сұрақтар қойылды. Солардың ішінде: «Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Алтын Орданың тікелей мұрагері екенін бірнеше рет айтқан болатын. Зерттеуші ретінде бұл жайында не дер едіңіз?», -деген сұраққа баяндамашы: 2 « Иә,Президент Тоқаев – білімі терең, танымы кең адам. Алтын Орданың ұлы өркениетін зерттеуде тарихшылар мен археологтерді қолдауының себебі – тарихтағы осы кезеңнің маңызын түсінеді. Расында да, Алтын Орданың жері қазіргі Қазақстан территориясының басым бөлігін алып жатты. Қазақстан – империяның басқа да ұлттармен еншілес мұрагері. Тікелей мұрагер екені де анық», - деген жауабы тыңдаушылардың құлақтарына жағымды әсер қалдырды.

зал.jpg (1).jpeg

Тұсаукесерге қатысқан студенттер, оқытушылар, жас ғалымдар мен каланың ардагерлері Мари Фавероның «Алтын Орда. Дала империясы әлемді қалай өзгертті» атты кітабының қазақ тілінде шығарылғандығына риза болып, авторға рақметтерін айта отырып, болашақта Қазақстанның тарихына, мәдениетіне, саяси-этникалық дамуына Еуропа ғалымдарының жаңа туындыларын көптеп күтетіндіктерін білдірді.

қыздар.jpeg

                    Алматы ауданды ардагерлер Кеңесі,
                                   Искакова К.