АЛҒЫС КҮНІ
ҰЛЫ ЖЕҢІС КАҺАРМАНДАРЫНА МЫҢ АЛҒЫС !
1 наурыз АЛҒЫС АЙТУ КҮНІ – ортақ тарихымыздың символы. Кезінде 14723 ақмолалықтар соғысқа аттанса,7414 елге оралды,75 жылдық мерейтойды 44 ардагермен атап өттік. Биыл 76-шы Жеңіс көктемін елордалық 25 соғыс ардагері қарсы алуда. Өкінішті, бірақ тау алыстаған сайын биіктейді дегендей, ұлы бабаларымыз бен қаһарман ардагерлеріміздің ерлігтері мәңгілік жадымызда қала береді.
Ботев Иван Михайлович
Қазақстан халқының жалпыұлттық бірлігі мен ынтымағының көрінісі ретінде, барша қазақстандықтарды қайырымдылық пен ізгілікке бастап, өзара жәрдемдесу дәстүрін көрсететін айшықты мереке.
Осы күні алғашқы жадыралы көктем мерекесі қарсаңында «Есіл» ауданы әкімдігі Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің үйіне баруды ұйымдастырды. «Есіл» ауданында 3 ардагер тұрады - Ахметова Нұршида апа Шәріпқызы, Садықов Тұрысбек ата, Ботев Иван Михайлович.
ҰОС ардагерлеріне алғыс сөздер, отбасыларына денсаулық, амандық тілектер айтылды. Атадан ұлағат ұрпаққа аманат деген ниетпен іс-шараға Нұр-Сұлтан қаласының жастар саясаты басқармасының өкілдері қатысып аталарының батасына бөленді.
**Председатель Совета
ветеранов «Есіл» Атыгаева Р.Т.**