**АҒАМ БАР ЕДІ МІР ТІЛДІ, ЖАҒАМ БАР ЕДІ ЖЫРТЫЛДЫ*
Шахманов Бостан Сәбитұлы бақилық болды
АҒАМ БАР ЕДІ МІР ТІЛДІ, ЖАҒАМ БАР ЕДІ ЖЫРТЫЛДЫ Шахманов Бостан Сәбитұлы, Қорғалжын ауданы, Кеңбидайық ауылында 1934 жылы туған қоғам қайраткері, биология ғылымдарының кандидаты, доцент. С.Сейфуллин атындағы КазАТУ – дің «Құрметті қызметкері», ҚР Журналистер Одағының мүшесі, «Еңбек ардагері», «Тыл еңбеккері». «Қазақстан республикасының құрметті азаматы», ҚР Ауылшаруашылығы министрлігінің «Құрметті ардагері», «Қорғалжын ауданының құрметті азаматы», бұл фаниден ,бақилыққа өтті. Бостан Сәбитұлы өмірін ауыл шаруашылығына арнаған ғалым, ұстаз, қайраткер жиырмаға жуық оқулықтың және әдеби кітаптардың авторы.Бостан Сәбитұлы қоғам жұмысынан қол үзбей 15 жылға тақау Астана қаласының Алматы, Есіл аудандарының Ардагерлер кеңесі Президиумының мүшесі, Астана қаласы Мемлекеттік тіл қозғалысы Президиумының мүшесі ретінде өзіне жүктелген міндеттерді атқара отырып, кейінгі ұрпаққа өшпес із қалдырған қымбатты да абзал жан еді.Марқұмның еңбегі жоғары бағаланып Үкімет «Құрмет» орденімен марапаттады. Мәуелі бәйтерек иесі артынан өнегілі ұрпақ қалдырды. Астана қаласының ардагерлер кеңесі марқұмның отбасына, туған туысқандарына және барша елордалық жерлестерге қатты қайғырып көңіл айтады.
Есілов С.С.,Болсанбеков У.К Атығаева Р.Т., Аширов А.А., ДаленовЕ.Д., Жұмағатов С.С.,Құсаинова У.А.,Мұстафин М.К., Намазшамов К.Н., Шиврина Н.В.
Умер общественный деятель
Шахманов Бостан Сабитович
На 89 году жизни остановилось сердце ветерана труда и труженика тыла, видного общественного деятеля Шахманова Бостана Сабитовича.Известный ученый, кандидат биологических наук, доцент, «Почетный работник» КазАТУ им. С. Сейфуллина, член Союза журналистов РК, «Почетный ветеран «Министерства сельского хозяйства РК,», «Почетный гражданин Коргалжынского района» Бостан Сабитович ученый-педагог, посвятивший свою жизнь сельскому хозяйству, автор более двадцати научных исследований и литературных произведений оставил за собой неугасимый след для последующих поколений. За годы трудовой деятельности внес большой вклад в развитие науки сельского хозяйства, подготовил целую плеяду квалифицированных специалистов. Бостан Сабитович, был активистом ветеранского движения столицы, членом Президиума советов ветеранов Алматинского, Есильского районов города Астаны. Приложил немало усилий для оказания действенной помощи людям старшего поколения. Бесценный вклад Бостана Сабитовича был высоко оценен Родиной, награжден орденом «Құрмет». Бостан Сабитович также оставил после себя достойное потомство. Президиум и совет ветеранов города Астаны выражает глубокие соболезнования семье, родным и близким покойного.
Есилов С. С.,Болсанбеков У.К. Атыгаева Р. Т., Аширов А. А., Даленов Е. Д., Жумагатов С. С.,Кусаинова У.А.,Мустафин М. К., Намазшамов К. Н.,Шиврина Н. В.