Ардагер ғалымды «Ғалым әйелдер қоғамы» төсбелгісмен марапаттау!
Ардагер ғалымды «Ғалым әйелдер қоғамы» төсбелгіс3мен марапаттау
ЮНЕСКО мәліметі бойынша Дүниежүзінде ғалымдардың үштен бірі – әйелдер екені дау туғызбайды. Олардың ашқан жаңалықтары адамзат баласының дамуына зор ықпал етті. Әйелдер қауымы ілкімді ісімен әлі күнге дейін әлемді мойындатып келеді. Бүгінде әйелдер Қазақстанның ғылыми әлеуетін қалыптастыруда шешуші рөл атқаруда. Осыған орай, ғалым әйелдер арасында білім мен тәжірибе алмасуға мүмкіндік беретін платформа құру мақсатында 2017 жылғы 31 наурызда Алматы қаласында «Ғалым әйелдер қоғамы» құрылды. Қоғамның құрылтайшысы, әрі президенті - Филология ғылымдарының докторы, Абай атындағы ҚазҰПУ профессоры, Халықаралық педагогикалық білім беру ғылым академиясының академигі, Қазақстан ғалым әйелдер қоғамының президенті, «Құрмет», «Парасат» және «Үздік ғылыми қызметкер» ордендерінің иегері, Аризона (АҚШ) университетінің құрметті профессоры, Тусон қаласының құрметті азаматы Танат Тәңірбердіқызы Аяпова. Аталған қоғамға алғашқылардың бірі болып Лев Николаевич Гумилев атындағы Евразия Ұлттық Университеті профессоры, философия ғылымдарының кандидаты Искакова Күлзира Идрисовна қабылданды.

«Ғалым әйелдер қоғамы» президенті Танат Тәңірбердіқызы Аяпова келесі жылдары «ҒЫЛЫМ.ӘЙЕЛ.ҚОҒАМ» атты журнал ұйымдастырып, ол Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінде 2019 жылыдың 20 қарашада тіркеуден (регистрациядан) өтті.

Бұл қоғамның 600 ден артық мүшесі, 1 мыңға жуық оқушылары бар. Олар - ең беделді, жас және тәжірибелі ғалымдар, қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде зерттеп жүрген мәселесін өз тақырыптары аясында ортаға салып, ой бөлісіп, ғылыми зерттеулерін жариялайды.Осылайша құрылған қоғам мен журналдың өз алдына қойған: Ғылым саласындағы әйелдерді қолдау; Қазақстандық ғалым әйелдердің жетістіктерін насихаттау және олардың ғылыми қызметін ынталандыру; әртүрлі ғылыми салалардағы соңғы зерттеулер мен жаңалықтарды қамтитын сапалы мақалаларды басып шығару сияқты мақсат пен міндеттерді сәтті түрде іске асырылып келеді. Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ профессоры К. И. Искакованың бірнеше ғылыми мақалалары да «ҒЫЛЫМ.ӘЙЕЛ.ҚОҒАМ» атты журналында жарияланды. Мысалы, « Аға буын өкілдері мен жастардың арасындағы ұлттық-рухани сабақтастықтың жаңа қырлары» Ғылым. Әйел. Қоғам.// Қазақстандық ғалым әйелдер қоғамы журналы.№2-3/2020. 128-133б.б.; «Қазақтың тұіғыш дипломат қызы» Ғылым. Әйел. Қоғам.// Қазақстандық ғалым әйелдер қоғамы журналы.№9/2021, 136-144бб; «Д. Қонаевтың этнодемографиялық саясаты (ХХғ. 60-80жж)» Ғылым. Әйел. Қоғам.// Қазақстандық ғалым әйелдер қоғамы журналы.№10/2022. 115-118б.б.; «Шандор Петефи – жастықтың, бостандықтың жыршысы» / )» Ғылым. Әйел. Қоғам.// Қазақстандық ғалым әйелдер қоғамы журналы.№13/2023. 96-103б.б. Ал 2023 жылы басылымға отандық ғылымға еңбегі сіңген 84 адамның есімі енген «Қазақстандық Ғалым әйелдер» қоғамының Энциклопедиясы» жарық көрді.Олар медицина, психология, филология, философия және жаратылыстану ғылымдарының үздіктері, еліміздің 25 университеті мен 15 ғылыми-зерттеу институты арқылы іріктелген. Екі жарым жыл жазылған жинақ 100 дана болып шықты.. (ЭНЦИКЛОПЕДИЯ «.Әйел және ғылым: Қазақстанның белгілі ғалым әйелдері .I том. –Алматы: Мектеп, 2023.-240бет))Энциклопедияға К. И. Искакова туралы үш қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде мәлімет те енгізілді(104-107бб.)


Сонымен бірге, бүгінгі күні ахуалды сипатқа жеткен, Қоғамның институционалдық дамуындағы маңызды бастамалар «Ғылым. Әйел. Қоғам» журналының ресми сайты іске қосылып, ғылыми мақалалар мен жаңалықтарды жариялауға арналған заманауи цифрлық платформа ретінде көпшілікке ұсынылды. Жаңа ресурс ғылыми қауымдастық арасындағы ақпарат алмасуды жандандырып, отандық зерттеулердің халықаралық деңгейде көрінуіне жол ашады. Осы жерде тағы да ауыз толтырып айтуға тұратын, Қоғамның әнұраны алғаш рет таныстырылып, ұйымның рухани-мәдени бірегейлігін айқындайтын символдық туынды ретінде қабылданғанын атап өтуге тұрарлық. Бұдан бөлек, ғылым жолында табысты еңбек етіп жүрген әйел ғалымдардың жетістіктерін айшықтайтын арнайы «Ғалым әйелдер қоғамы» төсбелгісінің тұсаукесері өткізіліп, 2026 жылдың 16 сәуірінде ҚР ғылым күніне орай, бірқатар ғалымдар ҚҒӘ қоғамының төсбелгісін иеленді. Солардың қатарында ЕҰУ профессоры, университеттің ардагерлер кеңесі төрағасы, Астана қалалық және Алматы ауданы ардагерлер кеңестері Президиум мүшесі К.И.Искакова да ҚҒӘ қоғамының төсбелгісімен марапатталды.
Қазақстан ғылымының дамуына өз үлесін қосып, әр жылдары бір қатар марапаттарды («Құрмет» ордені, «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 25 жыл» , «Астана 20 жыл», «25 лет Конституции Республики Казахстан»,»Қазақстан Тәуелсіздігіне 30 жыл» медалдары, ҚР БҒМ төс белгілері - «Ы.Алтынсарин , «За заслуги в развитии науки РК», «Білім беру ісінің құрметті қызметкері» , «Ардагерлер ұйымы» РҚБ «Құрмет белгісі» төсбелгісін ) иеленген Күлзира Идрисовна ҚҒӘ қоғамы жұмысын әрі қарай дамуы үшін бар күш-жігерін салады деген үмітіміз зор.
БҰҒЫБАВА САҒЫМБАЛА ЖҰМАДІЛҚЫЗЫ
биология ғылымдарыныҢ докторы,
профессор, «Ғалым әйелдер қоғамы» »мүшесі