Организация ветеранов

Организация ветеранов

Астанинский городской филиал Республиканского общественного объединения

Ардагерлер Абай күнініне арнап дәріс ұйымдастырды.

Ардагерлер Абай күнініне арнап дәріс ұйымдастырды

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті Ардагерлер Кеңесі Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің жеке құрамына соңғы оншақты жылдардан бері әскери-патриоттық іс-шараларды өткізуге септігін тигізіп келеді. Республикамызда 2020 жылдан бері атап өтіліп келе жатқан 10 тамыз – Абай күніне орай, Ардагерлер Кеңесі үстіміздегі жылдың 12 тамызында ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Архив, құжаттама және кітап ісікомитетінің «Геральдикалық зерттеулер орталығының» бөлім басшысы, Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ тарихшы-докторанты, университеттің бакалавр және магистратура түлегі Асылжан Сағидоллаұлы Бижановтың «Абай – елдік мұраттың айнымас темірқазығы» атты ашық дәрісін ұйымдастырды.

лектор.jpeg

Дәріс барысында «Зар заман және Абай», «Абай және Алаш сабақтастығы», «Ұлттық болмыстың үлгісі» және «Мемлекет ісінің мүдделесі» бағытындағы сұрақтар талқыланды. Дәріс сабақ Мемлекеттік күзет қызметінің қызметкерлері мен «Жас қалқан» әскери-патриоттық клубы тәрбиеленушілерінің «Абайды оқы, таңырқа...» атты әдеби-шығармашылық кешіне ұласты. Жас қалқандықтар қала тұрғындарына Абай туралы сауалнама жүргізіп, бейнеролик әзірлеп, шығармашылық ізденістерін танытты. Сондай-ақ ұлы ақынның «Бойы бұлғаң» әнін жанды дауыста шырқады. «Жас қалқан» клубының мүшесі Ерахмет Айша Абайдың «Айттым, сәлем, Қаламқас» әнін әсерлі орындап берді.

зал.jpeg

Кейіннен Президенттік оркестрдің өнерпаздары Фариза Іргебаева ақынның шоқтығы биік туындыларының бірі – «Желсіз түнде жарық ай», Дінмұхамед Көшкінбаев «Көзімнің қарасы» әндерімен тыңдарманды тәнті етті. Өлді деуге бола ма ойлаңдаршы, Өлмейтұғын артына сөз қалдырған, - деп ақын Абай өзі жырлағандай, Абай – дана, Абай – дара қазақта. Абай мұрасы мәңгі сарқылмас қазынамыз, ұлттық мақтанышымыз! Абайдың өміршең шығармашылық мұрасы ұрпақтан ұрпаққа жете бермек.

Абай.jpg

Шара соңында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі бастығының орынбасары Шыңғыс Жақыповтың атынан Асылжан Бижановқа алғыс хат табысталды

          **ЕҰУ Ардагерлер кеңесінің төрағасы, 
          қалалық және Алматы ауданы ардагерлер
       кеңестерінің Президиум мүшесі Искакова Күлзира**