Организация ветеранов

Организация ветеранов

Астанинский городской филиал Республиканского общественного объединения

Ардагерлер "Айбын" сардарларымен

Л.Н.Гумилев ат ЕҰУ Ардагері «Айбын» Президнттік полкінің жеке құрамына дәріс оқуды ұйымдастырды

5.jpg

Университет оқытушылары ірі саяси науқандарға байланысты Атүрлі ұйымдары мен ұжымдарына елдік дәрістер оқу дәстүрін қалыптастырып, өткен жұманың соңғы күні осы үрдісті жалғастыруда. ҚР Парламенті Мәжілісі мен мәслихаттары депутаттарының сайлауы қарсаңында университеттің қаламыздың Алматы ауданы Ардагерлер кеңесінің Президиум мүшесі, университеттің Ардагерлер кеңесі төрайымы, философия ғ.к., профессор Искакова Күлзира Ыдрысқызы ҚР Мемлекеттік күзет қызметінің «Айбын» Президенттік полкінің жеке құрамына « Алаш мұраты» атты дәріс ұйымдастырды. Алдымен Искакова К.Ы. кіріспе сөз сөйлеп, оқылатын дәріс алдына қойылған: Президенттік полкі ұжымының отансүйгіштік сана – сезімін арттыру, әскери - тарихи тәжрибе сабақтастығын жеткізу; Алаш зиялылырының өмірі, арманы, мақсат-мүдделері мен шығармашылық мұраларын үлгі ету сияқты мақсат-міндеттерін атап өтті. Сонан соң арнайы шақырылған қонақты - баяндамашы Сақ Қайрат Өмірбайұлымен сарбаздарды таныстырды. Сақ Қ.Ө. университеттің Журналистика және саясаттану факультетінің деканы, филилогия ғ.к., профессор, белгілі алаштанушы, Халықаралық Еуразия теле-радио академиясының, Қазақстан журналистер академиясының академигі, Қазақстанның Мәдениет қайраткері, әрі ғалымның «Алаш» тақырыбына арналған оншақы кітаптары барын, 200 ден астам мақалалардың авторы екенін атап өтті. Өз дәрісінде Қайрат Өмірбайұлы Алаш зиялыларының аманатына өзінің адалдығын тағы да дәлелдеп, алаштықтардың еліміздің Тәуелсіздігі, Бостандығы мен Теңдігі жолындағы қажырлы, қайратты еңбегін толық, түсінікті түрде баяндап берді. Сарбаздар үлкен ықылас қойып тыңдап, өздерінің қойған көптеген сұрақтарына тұшымды жан-жақты жауап алып, қатты риза болды. Баяндамашы соңынан «Алаш көсемсөзі: жер мәселесі», «Алаш көсемсөзі: тіл мәселесі», «Алаш көсемсөзі: дін мәселесі» атты кітаптарын сарбаздарға сыйға тартты. Болашақ офицер - сарбаздардың әрқайсысы осы кездесуден өзіне қажетті тарихи тағылым алып, Еліміздегі саяси науқандарға белсенді қатысады деп үміттеміз.

1.png

4.jpg

2.jpg

Елдік дәріс оқу шарасының соңында МКҚ Кадр департаменті мемлекеттік тілді дамыту және мәдени-бұқаралық жұмыс бөлімшесінің басшысы, полковник Әтемқұлова Жанар Рахматуллақызы және ҚР МКҚ Айрықша мақсаттағы күштерінің «Айбын» Президенттік полкі командирінің орынбасары, подполковник Елемесов Медет Әкебекұлы Қ.Ө.Сақ пен К.Ы.Искаковаға «Айбын» Президенттік полкінің жеке құрамына патриоттық тәрбие беруге зор үлес қосқаны үшін полк командирі, полковник Гайса Ерлан Оразайұлы атынан «АЛҒЫС ХАТ» табыс етті. Өз кезегінде университет ғалымдары Ж.Әтемқұловаға және М.Елемесовке кездесуді жоғары дәрежеде ұйымдастырғаны және сарбаздардың саяси білімдері мен сана-сезімдерін жақсы дайындағаны үшін ризашылығын білдіріп, рақмет айтты.

                  Л.Н.Гумилев ат. ЕҰУ Ардагерлер  ұйымының төрайымы К.Искакова