Организация ветеранов

Организация ветеранов

Астанинский городской филиал Республиканского общественного объединения

"Ардагерлер ұйымы"РҚБ кезекті төралқа отырысы өтті.

Ардагерлер ұйымы"РҚБ кезекті Төралқа отырысы өтті.

3.jpeg

2026 жылы 12 тамыз күні елорда, Астана қаласында «Ардагерлер ұйымы» республикалық қоғамдық бірлестігі Орталық кеңесі отырысы Әбілғазы Құсайынов төрағалығымен кезекті Төралқасы өтті.

голосуют.jpeg

4.jpeg Отырысқа Астана қалалық филиалының төрағасының орынбасары М.С.Иргибаевпен, алты аудандық ардагерлер кеңесінің төрағалары қатысты. Отырыста Ұйымның ХІ съезінде қабылданған шешімдерге сәйкес, Мемлекет басшысының «Әділетті Қазақстан» және «Адал азамат» реформаларын жүзеге асыру бағытындағы «Ұрпақтар сабақтастығы және ұлттық құндылықтар» жобасының 7 бағытты қамтитын бағдарламасы бекітілді. «Ардагерлер ұйымы» республикалық қоғамдық бірлестігі алдағы жылы өзінің құрылғанына 40 жыл толатына арнайы іс-шаралар жоспары қаралып, бекітілді.

ТҰРАҚТЫ КОМИССИЯЛАР.jpeg

Төралқада «Ардагерлер ұйымы» республикалық қоғамдық бірлестігі келе жатқан 1 қазан – Халықаралық қарттар күнін жоғары деңгейде атап өту мақсатында арнайы іс-шаралар жоспарын бекітті. Орталық кеңес жанындағы тұрақты комиссиялардың атаулары бүгінгі қоғам талаптары мен ұйым алдында тұрған міндеттерге сайкес нақтыланды.

районы.jpeg

Алдағы жұмыстардың тиімділігін арттыру мақсатында Орталық кеңес Төрағасының жанынан штаттан тыс қоғамдық кеңесшілер институтын құру туралы қаулы қабылданды. Қаралған мәселелер бойынша тиісті шешімдер қабылданып, отырыс өз жұмысын қорытындылады.

                    **Астана қалалық ардагерлер ұйымы.**