АРДАГЕРЛЕР ӘЛЕУМЕТТІК РЕФОРМАНЫ ҚОЛДАЙДЫ
Астана қаласы «Байқоңыр» ауданы ардагерлер Кеңесінің кеңейтілген отырысында мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың «Қазақстандықтардың әл –ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Қазақстан халқына Жолдауы талқыланды.
Елбасының Жолдауының негізгі тұжырымдарын ардагерлердің аудандық Кеңесінің төрағасы Сәрсенбай Мыңбаев таныстырды. Жарыссөзге ардагерлердің «Парасат» бастауыш ұйымының төрағасы Еділ Тұранов, «Космос» ұйымынан — Евгения Полякова, «Жангелді» ұйымынан — Қайырбек Шаймерденов, «Нива» ұйымынан -Зинаида Боровкина және басқалар қатысты.
Отырыста сөз алғандар биылғы жасалған Жолдау қазақстандықтарға жағымды да түсінікті болды, Елбасының Үкіметке, атқарушы, сот және құқық қорғау органдарына берген тапсырмасы нақты болды деп атап көрсетті.
Жиналысқа қатысушыла халық ең төменгі жалақының көтерілуін, тұрғын үй мәселелерінің шешілуін, білім беру саласын әрі қарай жетілдіруін, денсаулықты нығайтуін, 2019 жылы жастар Жылын өткізілуін және басқа да түйінді мәселелердің шешілуіне қызу қолдау көрсетуде деп атап айтты.
Ардагерлер Президенттің «жастар мен отбасы институтын кешкенді қолдау мемлекеттік саясатттың басымдығына айналуы тиіс» — деген сөзіне оң көзқарас білдірді. Шын мәнінде бұл мәселе қоғамды көптен толғандыруда, себебі статистиканың мәліметінше елімізде әрбір үшінші жас отбасы ажырасуда. Жиынға қатысушылар жас ұрпақты тәрбиелеуде, отбасын нығайтуда ардагерлер ұйымының рөлін көтеруге уағдаласы.
Президенттің «әрбір қазақстандық жүргізіліп жатқан реформалардың мәнін және олардың Отанымызды өркендету жолындағы маңызын жете түсінуі тиіс және реформаларды табысты жүзеге асыру үшін қоғамымыздың ортақ мақсатқа жұмылуы аса маңызды» — деген тұжырымына ардагерлер түсінік білдіріп, толығымен қолдау көрсетті.
Аудандық ардагерлер Кеңесі аталған отырысты өткізер алдында «Айдар», «Байқоңыр», «Береке», «Парасат» атты ардагерлердің шағын орталықтарында Елбасының Жолдауын көше мен тұрғын алаптарының тұрғындарымен түсіндірмелік жұмыстар өткізгенде олар жүргізіліп отырған әлеуметтік реформаларды қолдайттынын ашып айтты және Елбасының берген тапсымаларына қанағаттанатындарын білдірді.
Қаралған мәселелер бойынша ардагерлердің аудандық Кеңесінің қаулылары қабылданды.
«Байқоңыр» ауданы
ардагерлер Кеңесі