Организация ветеранов

Организация ветеранов

Астанинский городской филиал Республиканского общественного объединения

«Ардагерлер оқушылармен кездеулер өткізді»

«Байқоңыр» ауданы ардагерлер Кеңесінің басшылары мен активі Жастар жылына арналған іс — шаралар шеңберінде № 16 және № 49 орта мектептердің жоғарғы сынып оқушыларымен кездесулер өткізді.

Ардагерлердің аудандық Кеңесінің төрағасы Сәрсенбай Мыңбаев, ардагерлердің «Шапагат» бастауыш ұйымының төрайымы Гүлжан Тоқбаева, «Інжу» ұйымының төрағасы — Ибрагим Әлпейісов, ардагерлер қозғалысының белсенді мүшелері Сақыш Әлсейітов, Қуаныш Намазшамов және басқалар Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Ұлы Даланың жеті қыры» мақаласының негізгі тұжырымдары мен Жастар жылын өткізудің басты мақсаттары мен талаптарын таныстырды.

Кездесуге қатысушы оқушылар қазақ ұлты этногенезінің Ұлы Даланы әр кезеңде мекендеген сақтар, ғұндар мен басқа да этникалық топтармен тікелей тарихи нығыз да нақты байланыста екенін айтып берген ардагерлерді қызушылықпен тыңдады.

Атқа міну мәдениеті, ежелгі металлургия, «Алтын адам», Еуразия кеңістігін мекедейтін халықтардың қалыптасуыда Алтайдың алар орны, Ұлы жібек жолының жүйесі, алма мен қызғалдақтың шығу тарихи және дүниежүзілік ғылым мен белгілі тарихшылардың аталған фактілер туралы дәлелдерін білу жас жеткіншектердің дүниетанымын нығайтып, олардың өзін — өзі тануы мен өзін — өзі анықтауларына нақты әсер ететіндерін ардагерлер зор сеніммен атап өтті.

Кездесуде сөз алған ардагерлер тарихи оқиғаларды, Ұлы Далада әр кезеңдегі өмір сүрген халықтардың мәдениеті мен тұрмысын қазақ еліның өсіп — өркендеуімен ұштастырды. Бүгінгі таңдағы оқушылардың ертеңгі күні тәуелсіз Қазақстан мен ХХІ ғасыр қаласы Астананың өсіп – өркендеуіне өз үлестерін қосатын азаматтар болатындарын зор сеніммен атады.

Оқушылар ардагерлерге Елбасының «Ұлы Даланың жеті қыры» мақаласының негізгі тұжырымдарын нақты талқылап, таныстырғаны және жас ұрпаққа деген қамқорлықтары мен сенімдері үшін алғыстарын білдірді.

Ардагерлердің аудандық Кеңесі осындай кездесулерді «Байқоңыр» ауданында орналасқан оқу орындары мен мектептерде әрі қарай да өткізіп, жастарды отансүйгіштікке, рухани жаңаруға және парасаттылыққа тәрбиелеуге өз үлестерін қосуға бағыт – бағдар жасап отыр.

«Байқоңыр» ауданы ардагерлер Кеңесі