Организация ветеранов

Организация ветеранов

Астанинский городской филиал Республиканского общественного объединения

АРДАГЕРЛЕР ПРЕЗИДЕНТТІҢ ЖОЛДАУЫН ҚОЛДАДЫ

АРДАГЕРЛЕР ПРЕЗИДЕНТТІҢ ЖОЛДАУЫН ҚОЛДАДЫ

Нұр-Сұлтан қаласы, Есіл ауданы Әкімдігінің конференц-залында қалалық ардагерлер Кеңесі ардагерлер қозғалысының белсенділерінің басын қосып, Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың халыққа арнаған «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Жолдауын талқылады.

IMG_2476.jpg Қалалық ардагерлер Кеңесі төрағасының орынбасары Сәрсенбай Мыңбаев

Елорда ардагерлері мемлекетімізде болып жатқан қоғамдық-саяси іс-шараларға азаматтық ұстамдары мен ойларын нақты да тұшымды білдіреді. Осы жолы алғашқылардың бірі болып Қазақстан Республикасы Президентінің халыққа жолдауын талқылады.

Қатысушылардың алдында сөз алған қалалық ардагерлер Кеңесі төрағасының орынбасары Сәрсенбай Мыңбаев Президент Жолдауының негізгі бағыттарына талдама жасады. Өз сөзінде ол Мемлекет басшысы Жолдауда Қазақстаннның әлеуметтік-экономикалық дамуының басымды бағыттарын айқындағанын және оларды орындауда Үкімет, мемлекеттік және атқарушы органдар алдында нақты тапсырмалар бергенін атап айтты.

Басқосуда сөйлеген ардагерлер Президент биылғы Жолдауында еліміздегі жағдайды сараптай келе, кемшіліктерді де ашып айтып, оларды жою жолдарын нақты айтып берді. Қариялараға Президенттің «экономика халықтың әл-ауқатын көтеруге жұмыс жасауы міндет» деген сөздері жандарына жылу ұялатты.

IMG_2505.jpg Самтықова Ұрқия Абдығаділқызы."Инфенити" БАҰ төрайымы

Жиынға қатысушылар Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық әрі қарай өсіп-өркендеуіне алған бағытына, тұрғындардың әл-ауқатын арттыруға, білім беру саласы мен халықтың денсаулығын нығайтуға және азаматтардың құқықтарын қорғауға бағытталған тапсырмаларына қызу қолдау көрсетті.

IMG_2470.jpg

Сондай-ақ ардагерлер өздерінің алдына Президенттің Жолдауының басты қағидаларын алдыңғы ұрпақ өкілдерінің назарына жеткізуге, еліміздің даму бағытына қолдау көрсетуге, қоғамда бейбітшілік пен келісімді нығайтуға белсенді қатысуға уағдаласты.

                                Нұр-Сұлтан қаласы
                              ардагерлерінің Кеңесі

ВЕТЕРАНЫ ПОДДЕРЖАЛИ ПОСЛАНИЕ ПРЕЗИДЕНТА

В конференц-зале Есильского районного Акимата города Нур-Султан городской Совет ветеранов организовал обсуждение с активистами ветеранского движения столицы основные положения Послания Президента Республики Казахстан Касым-Жомарта Токаева народу Казахстана «Казахстан в новой реальности: время действий».

Ветераны столицы всегда четко и объективно выражают свою гражданскую позицию по общественно-политическим событиям, происходящим в стране. И на этот раз они обсудили основные положения Послания Президента Республики Казахстан. Перед участниками выступил и разъяснил основные положения Послания Президента заместитель председателя городского совета ветеранов Сарсенбай Мынбаев. Он отметил, что в своем Послании Глава государства определил главные приоритеты социально-экономического развития Казахстана, поставил конкретные задачи и поручил Правительству, государственным и исполнительным органам их своевременно реализовать.

IMG_2512.jpg

Бахралинов Сағидолла Ғаббасұлы председатель Совета ветеранов Алматинского района

Выступившие во встрече ветераны отметили, что в нынешнем Послании Президент сделал глубокий анализ положения в стране, доступно и открыто сказал о недостатках, указал на пути их устранения. Ветеранам близки и понятны слова Президента «экономика обязана работать на повышение благосостояния народа». Участники совещания поддержали курс на дальнейшее социально-экономическое развитие Казахстана, защиту прав и интересов граждан Казахстана, повышение образовательного уровня, укрепление здоровья народа и повышение благосостояния казахстанцев. Выступившие на совещании ветераны сказали, что нам – ветеранам необходимо донести до представителей старшего поколения, населения особенно молодежи основные положения Послания Президента и поддержать проводимый курс развития страны, принять активное участие в укреплении мира и согласия в обществе.

                               ***Совет ветеранов
                                города Нур-Султан***