**АРДАГЕРЛЕР ҰРПАҚТАР АМАНАТЫН ҚОЛДАЙДЫ!**
АРДАГЕРЛЕР ҰРПАҚТАР АМАНАТЫН ҚОЛДАЙДЫ!
Астана қаласының ардагерлер ұйымының құрылғанына биыл 35 жыл болды.Ұлы Жеңістің 80 жылдығының қарсаңында ардагерлер ұйымдарының бастауымен дәстүрлі "Ардагерлер көктемі" фестивалі өтті.Фестивальға дайындық барысында байқағанымыз зейнеткерлердің белсенділігі артып,соңғы бес жылда қоғамдық негізде құрылған ансамбльдердің кәсіби дәрежеде дайындалғанын арнайы қазылар алқасы бағалады. 2025 жылы әр аудандық ардагерлер ұйымдарының төрағалары Астана қаласы әкімінің жанындағы алты ауданның "Белсенді ұзақ өмір сүру орталығы" қызмет алушы зейнеткерлерге жағдай жасағандары көркем өнерпаздар ұйымдарының құрылуына себеп болды.
Соңғы көпшілік шара ардагерлердің ынтасын арттырып,«Ел іші-өнер кеніші» деген халық арасындағы мәтелді бекер айтпаған болар,Ұлы Жеңістің құдіретін бағалаған ардагерлер бар шығармашылық шеберлігін жұмсап, нәтижесінде ұлттық аспаптардан ансамбльдер құрылды. Алды "Ардагерлер көктемі" фестивалінің лауреаты аталып, ал "Ата толғауы" атындағы Астана қаласы ардагерлер ұйымының ұлттық аспаптар ансамблі 2025 жылғы 17-19 қазанда Қырғыз Республикасының, Бишкек қаласында Халықаралық дәрежеде өтіп жатқан "ZHANA ESIM" атты фестивалге қатысып,халқымыздың мыңнан астам аспаптың иесі екенін дәлелдеп, дипломант атанып, олжалы болып, елге қайтып келе жатыр. Астана қаласының ардагерлер Кеңесі төрағасының орынбасары ансамбльге Ақ жол тілеп , батасмен шығарып сал,ан еді.Ансамбльдің құрамында 9 түрлі аспап бар, келешекте оркестрдің де ауылы алыс емес деп сенеміз. Ансамбльдің жетекшісі Төтенше жағдайлар министрлігінің Б/28237 бөлім саласының зейнеткері Тұрғанбекова Жақсылық Әбдіғалиқызы,
Қазақ елінің Халық Каhарманы Бауыржан Момышұлы атындағы құрметті "Төс белгі" иегері, ансамбльдің әкімшілік ұйымдастырушысы, ансамбль мүшесі Астана қаласы ардагерлер ұйымы медиатоп мүшесі, ҚР теле-радио Корпорациясының "Құрметті дикторы", ҚР "Құрмет" орденінің иегері Молдахметова Күләш Кәйланқызы. Қырғыз еліндегі фестивальді ұйымдастырушыларына елордалықтар дән ризашылығын білдіреді. Сапарлары сәтті, жетістіктері еселене берсін деп тілек білдіреміз.
Астана қаласы Ардагерлер Кеңесі