Организация ветеранов

Организация ветеранов

Астанинский городской филиал Республиканского общественного объединения

АРДАГЕРЛЕР ШАХМАТ ЖАРЫСЫНДА!

АРДАГЕРЛЕР ШАХМАТ ЖАРЫСЫНДА.

Тамыз айының 15-17 күндері Алматы ауданы әкімдігінің қолдауымен Алматы аудандық ардагерлер кеңесі Белсенді өмір сүру орталығында ардагерлер арасында Қазақстан Республикасының Кониституция күніне арналған шахмат ойыны бойынша жарыс өткізді. Бұл жарысқа жастары 65 пен 90 –ы алқымдаған 17 ақсақалдар мен қариялар және 5 апа-әжелеріміз қатнасты.

ГРОССМЕЙСТЕРЫ.jpg

Шахмат турнирін ашу салтанатында Алматы ауданының ардагерлер кеңесінің төрағасы Марат Мұстафин:- Бүкіл әлемді жаулап алған бұл ойынан біздің ақсақалдарымыз да кенде емес. Бұл ақыл-ойды дамытатын спорт. Шахмат –сезіну, шапшаңдық, шыдамдылық және аналитикалық ойлауға, өзі үшін күресе білуге, логикалық ойлау қабілетінің дамуына зор ықпал жасайтын ойын. Сондықтан осы жарыс баршаңызға табысты болсын-деді. Одан соң сөз алған бұл турнирдің бас төрешісі Мерғалым Нұрымов шахмат ойынының ережесімен таныстырды, яғни бұл турнир айналмалы жүйе бойынша өткізілетінін және «Ұстадың, жүр» тәртібінің сақаталатынын сонымен қатар ойын барысында тыныштық сақталу қажеттілігін алға тартты. Турнир қызықты өтті. Үш күнге жоспарланған бұл жарыс екі күнде аяқталды. Жарыста өзінің алғырлығын танытқан шахматшы ақсақалдар мен апалар жүлделі орындардан көрінді.

ШАХМАТЫ ДЛЯ ГАЗЕТЫ.jpg

Атап айтқанда Тайжанов Пайзұлла -1-ші орын, Тулетаев Серікбол -2 ші, Нұрманов Жамбыл -3-ші орынға табан тіреді. Сонымен қатар табандылық көрсетіп жоғары балға ие болған Бекенов Уалихан, Кенжетаев Оралбек сынды ақсақалдарымыздың да жетістігі айтарлықтай болды.Ал әжелер арасында Кенжетай Жанұзақова мен Гүлжан Көшкіншінова есімдерін ерекше атаған жөн. Екеуінің алған баллдары тең болып, екі рет ойнағанда да тең түсіп, әділ қазылар алқасының шешімімен үшінші мәрте ойнағанда бірінші орын Көнкіншінова Гүлжанға бұйырды. Кенжетай Жанұзақова екінші орынды қанағат тұтты. Үшінші орынды Түсіпова Батима иеленді. Марат Мұстафин аудан әкімдігінің және ардагерлер кеңесінің атынан шахмат турниріне қатысушыларды құттықтап, жүлдегерлерді дипломмен, бағалы силықтармен марапаттады және Аманат партиясының Алғыс хаттарын табыстады.

ЦАЙ К.А ШАХМАТЫ.jpg Сонымен қатар жасы 90 ға келген ардагер –шахматшы Цай Климентий Александровичті арнай сыйлықпен марапаттады. Шахмат турнирінің жабылу салтанатына арнайы қатынасқан «Белсенді өмір сүру орталықтарының» басшысы Еркетаев Мұхтар Дүйсенұлы да шахмат жарысына қатысқан ардагерлерге жылы лебізін білдірді.

                   ***Алматы ауданы медиа тобының 
                     жетекшісі   Манап Әдірешев****