**Ардагерлер жаңа жоба белгіледі!**
Ардагерлер жаңа жоба белгіледі!
2025 жылғы ақпанның 26 күні Астана қаласы ардагерлер кеңесінің кезекті Пленумы болып өтті. Пленумның күн тәртібінде: Астана қаласы ардагерлер кеңесінің 2024 жылға арналған жұмысының қортындысы және 2025 жылға арналған жоспары, 1941-1945 жылғы Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналған жоспары жайында сонымен бірге ұйымдастыру мәселелері қаралып, талқыланды.
Пленум жұмысына Астана қаласының әкімі Ж.М. Қасымбеков пен Астана қаласы Мәслихатының Төрағасы Табиғат Зейнулқабден қатысты.
Астана қаласы ардагерлер кеңесінің төрағасы С.С.Есілов есепті баяндама жасап 2924 жылғы атқарылған жұмыстарға кеңінен тоқталды, баяндама бойынша жарыссөзге шыққандар қалалық ардагерлер атқарған жұмыстарына қанағаттанарлық деген баға берді.
Ұлы Жеңістің 80 жылдығын ауқымды көлемде ерекше атап өтуге арналған жоспар да Пленумға қатысушылардан қызу қолдап тапты.
Ұйымдастыру мәселесінде белгілі себептермен кеткен Пленум мүшелерінің орнына жаңа адамдарды мүшелікке қабылдады.
Пленумда Астана қаласының әкімі Жеңіс Махмұтұлы Қасымбеков сөз сөйлеп ардагерлер атқарып отырған жұмыстарға қанағаттанарлық сезіммен алғысын білдірді. Қойылған сұрақтар мен ұсыныстарға жауап берді. Алдағы уақытта да ардагерлермен тығыз байланыс жасап бірге жұмыс атқарамыз деп сенім білдірді
Пленумның соңында жағымды жаңалық болып қатысушыларды бір серпілтіп тастады Жарты ғасыр өмірін журналистикаға арнаған қаламгер, Қазақстан Республикасы журналистер одағының мүшесі, қалалық ардагерлер кеңесінің медио тобының жетекшісі Ағыбаева Раиса Мұхамедияқызының 75 жылдық мерей тойына орай «Ардагерлер ұйымы» Республикалық қоғамдық бірлестігінің «Құрмет
лгісі» төс белгісімен марапатталды. Осындай марапатқа «Астана су арнасы» МККМ ардагерлер ұйымының төрағасы Исқақов Серик Қылышұлы да марапатталды. Қалалық ардагерлер кеңесінің жауапты хатшысы, іскер ұйымдастырушы, білікті үйлестіруші, өз ісінің шебері, ардагерлер жұмысының майталманы Меңлібаева Салтанат Дәулетқанқызы Астана қаласы әкімінің алғыс хатымен марапатталды. Марапат иелерін шын жүректен құттықтаймыз! Қоғам дамуында, ұрпақ тәрбиесінде үлкен күш және үлгі өнеге болып отырған ардагерлерімізге денсаулық, күш-жігер тілейміз!
**ҚР Журналистер одағының мүшесі,
Астана қаласы ардагерлер ұйымының
медиатоп мүшесі Қарлығаш Құспан.**