Организация ветеранов

Организация ветеранов

Астанинский городской филиал Республиканского общественного объединения

"АРМЫСЫҢДАР АСЫЛДАРЫМ" АКЦИЯСЫ

АРМЫСЫҢ АСЫЛДАРЫМ АТТЫ АКЦИЯ АТҚАРЫЛУДА

Ұлы Жеңістің 76 жылдық мерекесі қарсаңында Нұр-Сұлтан қаласы «Алматы» ауданы ардагерлер ұйымының ұйымдастыруымен, Ұлы Отан соғысының ардагері, 97 жасқа келген Ризағұл ата Байкешевті құттықтауға келді.

98ea493d-b157-40c3-bd9f-a4d3908eddc1.jpg

«Алматы» ауданы Ардагерлер ұйымы Кеңесінің төрағасы Амангелді Әшіров, Ардагер атаны Жеңіс күнімен құттықтап, ізгі ниетпен гүл шоқтарын табыс етті. «Қаһарман» ардагерлер шағын орталығының «Елорда» ардагерлер хоры ән шашу ұйымдастырды. «Елорда» хорының белсенді қатысушылары: Зылиха Әбеу, Айгүл Исабаева, Фарида Алдажанова, Ақынгүл Әлимханқызы, хордың жетекшісі - Үміт Дүйсенова, музыка сүйемелдеушісі – Жекен Тебреков. Шағын концертіміз ойдағыбай өтті. Хор ұйымына көп рахмет, алғысымыз шексіз.

882a90c3-49c1-44f0-99fd-735d8f80241d.jpg

Қазақстан – 1 телеарнасынан келіп, іс-шараны түсіріп, Ұлы Отан соғысының 97 жастағы ардагері Риза атадан сұхбат алды.. Құлағының мүкісі болмаса, атамыз әлі ширақ, тың. Көп жасаңыз. Іс-шара Ризағұл ата тұратын аулада өтті. Көрермендер балкон әйнектерінен қарап, ән тыңдады. Құттықтау, кездесу ойдағыдай өтті.

f3cf3f24-c8c2-4827-8ac8-6cdeefad53f4.jpg

Тамшалаған көршілер де ризашылығын білдіріп жатыр. Ұйымдастырушыларға Ризағұл ата алғысын айтып, батасын берді.

                                  Қалалық ардагарлер Кеңесінің медиатоп фотокоры:
                                                ЕРАЛЫ Әнуарбек.
                                              Нұр – Сұлтан қаласы
                                                  05.05.2021 ж.