ҚАРТЫ БАР ҮЙДІҢ ҚАЗЫНАСЫ БАР!
"Қарты бар үйдің қазынасы бар.”
Қазыналы қарттарымыздың қадірлі мерекесі “Қарттар күні” де жетті.Осы айтулы мереке жыл сайын аталып өтеді.
Астана қаласы әкімдігі қарттарға бір реттік ақшадай сыйлық жасауды да дәстүрге айналдырған.Ол қомақты болмаса да үлкендерге деген құрмет деп білеміз.Сондықтан оны көмек ретінде емес мерекелік сыйлық деп қабылдаймыз.
Қарттар күні қарсаңында қала әкімі Жеңіс Қасымбек Махмұтұлының бастамасы мен қалалалық Ішкі саясат бөлімінің ұйымдастыруымен өзгеше бір форматта “Бейбарыс”демалыс аймағында кездесу болды.
Оған қарт әжелер мен аталар,қоғам белсенділері,күміс валантерлар тағы басқа сала ардагерлері қатысты. ”Елорда мәдени кодын қалыптастыру арқылы қоғамдық сананы жаңғырту” форматында өткен кездесудің мағнасы мен маңызы ауқымды болды.Ардагерлер ұрпақтар сабақтастығын негізге ала отырып қазіргі таңда болып жатқан түрлі көңіл алаңдатар мәселелерді тілге тиек етті.Жастар тәрбиесіне алаңдаушылық білдірген қоғам белсенділері ұлттық құндылықтарды тәрбиенің негізі етіп жандандыра түсу керектігіне тоқталды.Көптеген пікірлер айтылды.
"Қарты бар үйдің қазынасы бар” деген қағидат ешқашан күн тәртібінен түспек емес.Кездесуге келген ардагерлер дастархан басында шәй іше отырып ұрпаққа берер тәлімдері мен салиқалы ойларын ортаға салды.Бұл әрине аға буынның қай уақытта да қоғамның тыныс тіршілігінен тыс қалмай ұрпақтар болашағына жауапты қарайтынын білдірсе керек. Ал демалуға барған ардагерлеріміз интелектуалды зердесі бай екендіктерінде көрсетті.Викториналық ойындарға алты команда болып қатысқан ардагерлер сұрақтарға мүдірмей жауап беріп,белсенділік танытты.Бірінен бірі өткен эрудит зиялылар осылай да таңдандырды. Ән айтып би билеуден алдвна жан салмайтынын көргенде сүйсінбеу мүмкін емес. Командалардың барлығы да гүл шоқтары мен сыйлықтарға ие болғандағы балаша қуанған ардагерлердің жарқын жүзін көру де бір ғанибет болды.
Қарттарға құрмет көрсетіп, тамаша көңіл күй сыйлаған Қалалық әкімшілікке,ішкі саясат бөліміне,қалалық ардагерлер кеңесіне ризашылығымызды білдіреміз деп демалушылар бір ауыздан алғыстарын жаудырды.Сондай-ақ Ұлттық құндылықтар академиясының РОО төрағасы Дүйсебек Әділхан Төлегенұлына,”Қарашаңырақ”РҚБ директоры Шәкен Тұрар Сәттарқызына ұлттық құндылықтар жөнінде мазмұнды мағлұмат беріп жанымызды байыта түскен үшін риза болдық.Осы шараны ұйымдастыруда басы қасында болып әр ардагердің көңілін тауып аса мәдениетті,кішіпейіл,ізгілігімен сүйсінткен Айдана Бақытжанқызына деген үлкендердің ризашылығын жеткізуді де парыз санаймын. Алдымыздағы асқар таудай аталар мен күндей шуақ беретін Әжелеріміз жасай берсін.Мереке құтты болсын қарттарым!
Қарлығаш Құспан.
Астана қалалық ардагерлер
кеңесінің медиа тобының мүшесі.