Организация ветеранов

Организация ветеранов

Астанинский городской филиал Республиканского общественного объединения

Астана қалалық ардагерлер кеңесі «Ардагерлер асыл қазынамыз» атты тақырыпта жастармен мектеп-гимназияға кездесу өткізді

Астана қалалық ардагерлер кеңесі және Қалалық қоғамдық даму істері басқармасы ММ ұйымдастыруымен «Ардагерлер асыл қазынамыз» атты тақырыпта жастармен мектеп-гимназияға кездесу өткізді.

Кездесудің мақсаты: жастарды отансүйгіштікке және қазақ халқының салт-дәстүрі негізінде аға ұрпақ өкілдерін сыйлауға, құрмет көрсетуге баулу.

Кездесуге ерек еңбектерімен еліміздің өркендеуіне айтарлықтай үлес қосқан тыл және еңбек ардагерлері шақырылды. Ардагерлер мен жастардың алдында «Ардагерлер асыл қазынамыз» деген тақырыпта қалалық ардагерлер кеңесінің төраға орынбасары Дүйсенов Есболат Қасымұлы баяндама жасады. Екі тыл ардагерлері сөз сөйледі.

Кездесу өте мазмұнды өтті және жастар тарапынан қызығушылық танытты. Қасымов Е.К.- ардагер.