Астана қалалық ардагерлер кеңесі еңбек ардагері –Қайыров Мәкен Қайырұлын — 80 — жылдық мерей тойымен құттықтады
Құрметті Макен Қайырұлы!
Астана қалалық ардагерлер кеңесі Сізді өміріңіздің тағы да бір асқар кезеңі айтулы да елеулі оқиға – 80 жылдық мерейтойыңызбен шын жүректен құттықтайды.
10 қыркүйек 1938 жылы Бахты ауылы, Мақаншы ауданы, Семей облысында дүниеге келіп, онжылдықты бітіргеннен кейін, «Бахты» совхозында механизатор, есепші болып еңбек жолыңызды бастадыңыз.
1959 жылы Семей ауыл шаруашылығы техникумына түсіп, 1952 жылы аяқтап, ауыл және орман шаруашылығы механигі мамандығын алдыңыз. Совхозда механик, бас инженер, совхоздың партия комитетінің хатшысы, колхоз басшысы, ауданның ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы қызметтерін атқардыңыз. Қызмет атқарған кезіңізде өзіңізге жүктелген міндеттерге әрқашан адалдығыңыздан айнымай, еңбек сүйгіш қасиетіңізбен биіктерден көріне білдіңіз.
Сіз халық игілігі үшін көп еңбек сіңіріп, қызметтің қай саласын атқарсаңызда қажыр мен қайратты, міндет пен парызды қатар ұстап жүрген, Тәуелсіз Қазақстанымыздың өркендеуіне айтарлықтай үлес қосқан азаматтар қатарындасыз.
Мемлекет сіздің еңбегіңізді жоғары бағалап, орден «Знак почета» және көптеген медальдармен марапаттады.
Зейнеткерлікке шыққаннан кейін де, Алматы аудандық ардагерлер кеңесінің мүшесі ретінде қоғамдық жұмыстарға белсене қатысып, ел өмірінен қол үзбей, зейнет жасындағы аға ұрпақ өкілдерінің жағдайларын жақсартуға аянбай ат салысып жүрсіз.
Отбасыңызда бала тәрбиелеп өсіріп, немере сүйіп отырған абзал жансыз. Өсіп келе жатқан ұрпақтарыңыз Сізді жақсы істерімен, тәтті қылықтарымен қуанта берсін!
Сізге зор денсаулық, жанұяңызға амандық тілейміз!