Астана қалалық ардагерлер кеңесі еңбек ардагері –Кенжин Аманкелді Мағзияұлын— 70 — жылдық мерей тойымен құттықтады
Кұрметті Аманкелді Мағзияұлы !
Астана қалалық қоғамдық жане ардагерлер кеңесі Сізді өміріңіздің тағы да бір асқар кезеңі, айтулы да елеулі оқиға – 70 жылдық мерей тойыңызбен шын жүректен құттықтайды.
5 маусымда 1948 жылы Қарағанды облысы Шет ауданы Ақшатау кентінде жұмысшы-шахтер отбасында дүниеге келдіңіз. 1966 жылы Ақшатау кентіндегі С.М. Киров атындағы орта меқтепті бітірген соң, Целиноград ауыл шаруашылық институтына оқуға түсұп, 1971 жылы аталған оқу орнын аяқтап, зооинженер мамандығын алдыңыз.
Еңбек жолыңызды Қорғалжын ауданы Қарашалғы совхозы төртыңші бөлімінде зоотехник маманы ретінде бастадыңыз. 1971 жылдың қырқүйегінен қомсомолдық, советтік, партиялық ұймдарда, обком комсомолының сектор бастығы, нұсқаушысы, обком партиясының жалпы және аулшаруашылық бөлімінің нұсқаушысы, Целиноград облисполқомның ұйымдастру боліміның нұсқаушысы, меңгерушісінің орынбасары және облыстық советтің халық депутатының бөлім меңгерушісіның орынбасары болып кызмет атқардыңыз. 1993 жылдан 2010 жылга дейң «Игіліқ» кішігірім жеқеменшіқ қәсібінің басшысы болдыңыз, ИПФ «Проминвесттің» вице-президентің кызметың атқардыңыз, Ашық Ақционерлік Қоғамы «Ақмола вагон жөндеу зауытының» орталық өнерқәсіп лабораториясының және «КИП»-тің басышы болып жұмыс істедіңіз.
Қай салада қызмет етсеңізде, алғырд да тиянақты, өз ісіне мұқият жауапкершілікпен қарайтын азамат ретінде танылдыңыз. Еңбектің саласында қажыр мен қайратты, міндет пен парызды қатар ұстап жүрген, Теуелсіз Қазақстанымыздың өркендеуіне айтарлықтай үлес қосқан азаматтар қатарында болдыңыз. Еңбекке адал, жұмысты жақсы істеп, үлкен дережеге жеттініз. Сізді 1986 жылы 17 шілде айында №5143 СССР Жоғарғы Советінің Президиумның қаулысымен «За доблестный труд» медалімен марапаттады, 2004 жылы Қазақстан Республикасының Президентының Алғыс хатымең марапатталдыңыз.
Зейнеткерліыққе шыққаннан соң қоғамдық жұмыстарға қатысып, аға ұрпақ өқілдерінің жағдайларын жақсартуға ат салысып жүрсіз. Отбасыңызда бала тәрбиелеп өсіріп, бес немере сүйіп отырған абзал жансыз. Өсіп келе жатқан ұрпақтарыңыз Сізді жақсы істермен, тәтті қылықтарымең қуанта берсін. Сізге зор денсаулық, жанұяңызға амандық тілейміз.
Ізгі тілекпен,
Астана қалалық қоғамдық
және ардагерлер кеңесінің төрағасы
С.Есілов