Астана қалалық ардагерлер кеңесі еңбек ардагері – Сулеменова Алтын Шайкенқызын — 75 — жылдық мерей тойымен құттықтады
Құрметті Алтын Шайкенқызы!
Астана қалалық ардагерлер кеңесі Сізді өміріңіздің тағы да бір асқар кезеңі, айтулы да елеулі оқиға – 75 жылдық мерей тойыңызбен шын жүректен құттықтайды.
30 сәуір 1943 жылы Ақмола облысы, Қорғалжын ауданы, Үш-Сарт ауылында дүниеге келіп, мектепті бітіргеннен кейін, Алматы мемлекеттік медицина институтына түсіп, оны 1968 жылы ойдағыдай аяқтағаннан кейін, Ақмола облысы, Қорғалжын ауданында дәрігер – педиатр, участкелік аурухананың бас дәрігері, ауданның бас дәрігерінің орынбасары, бас дәрігер болып 1972 жылға дейін қызмет істедіңіз.
1972 жылдан зейнеткерлікке шыққан күнге дейін Целиноград қаласының денсаулық сақтау саласында басшылық қызметтерін атқардыңыз.
Қызмет атқарған кезіңізде өзіңізге жүктелген міндеттерге әрқашан адалдығыңыздан айнымай, еңбек сүйгіш қасиетіңізбен биіктерден көріне білдіңіз.
Сіз халық игілігі үшін еңбек сіңіріп, қызметтің қай саласын атқарсаңызда қажыр мен қайратты, міндет пен парызды қатар ұстап жүрген, денсаулық сақтау саласының сапасын өсіруге, медицина мекемелерінің жағдайын жақсартуға айтарлықтай үлес қосқан азаматтар қатарындасыз. Астана қалалық ардагерлер кеңесінің мүшесі ретінде, аға ұрпақ өкілдерінің жағдайын жақсартуға аянбай еңбек етіп жүрсіз.
Мемлекет сіздің еңбегіңізді жоғары бағалап, «Ерен еңбегі үшін», «Еңбек ардагері», «ҚР Тәуелсіздігіне 20, 25 жыл», «Астана қаласына 10 жыл» медальдарымен марапаттады.
Отбасыңызда бала тәрбиелеп өсіріп, немере, шөбере сүйіп отырған жансыз.
Өсіп келе жатқан ұрпақтарыңыз Сізді жақсы істерімен, тәтті қылықтарымен қуанта берсін.
Сізге зор денсаулық, жанұяңызға амандық тілейміз.