Организация ветеранов

Организация ветеранов

Астанинский городской филиал Республиканского общественного объединения

Астана қалалық ардагерлер кеңесі еңбек ардагері –Жармұханов Хайролла Жармұханұлын — 80 — жылдық мерей тойымен құттықтады

Құрметті Хайролла Жармұханұлы!

Астана қалалық ардагерлер кеңесі, Сізді өміріңіздің елеулі белестерінің бірі – 80 жасқа толған мерейтойыңызбен шын жүректен құттықтайды!

Еңбек жолыңызды 1961 жылы Целиноград облысы, Ленин ауданы, Кеңес орта мектебінде орыс тілі және әдебиеті мұғалімі болып бастап, Алексеев ауданының комсомол комитетінің екінші , бірінші хатшысы, аудан оқу бөлімінің инспекторы, «Минск» орта мектебінің директоры, Жамбыл совхозының партия комитетінің хатшысы, Целиноград облыстық партия комитетінің нұсқаушысы, Балкашин аудандық партия комитетінің екінші хатшысы, Целиноград ауыл шаруашылық институтының әкімшілік-шаруашылық жұмыстар жөніндегі проректоры, Астана қалалық ардагерлер кеңесінің төраға орынбасары қызметтерін атқардыңыз.

Қызметтің қай саласын атқарсаңызда өзіңізге жүктелген міндетке адалдығыңыздан айнымай, еңбексүйгіш қасиетіңізбен биіктерден көріне білдіңіз. Бүкіл сапалы өміріңіз ел игілігі үшін аянбай еңбек етуге арналды.

Лауазымды қызметтер атқарған кезіңізде, ісіңізге адал да, тиянақты, еңбекқор, білімді, ұйымдастыру қабілеті жоғары, кішіпейіл, білгір басшы ретінде танылдыңыз.

Үкімет еңбегіңізді жоғары бағалап, екі мәрте «Знак Почета» ордендерімен, «Еңбек ардагері», «Астана қаласына 20 жыл» медалдарымен марапаттады.

Әлі де Астана қалалық ардагерлер кеңесінің мүшесі ретінде, қоғамдық жұмыстарға белсене қатысып, ел өмірінен қол үзбей, зейнет жасындағы аға ұрпақ өкілдерінің жағдайларын жақсартуға аянбай ат салысып жүрсіз.

Отбасыңызда бала тәрбиелеп өсіріп, немере сүйіп отырған абзал жансыз.

Сізге зор денсаулық, жанұяңызға амандық тілейміз. Өсіп келе жатқан ұрпақтарыңыз Сізді өздерінің жақсы істерімен, тәтті қылықтарымен қуанта берсін.