Астана қалалық ардагерлер және қоғамдық кеңестері Астана қаласының әйелдер қауымын 8 наурыз Халықаралық әйелдер күні мерекесімен құттықтайды
«Құрметті Астана қаласының әйелдер қауымы!*
Астана қалалық ардагерлер және қоғамдық кеңестері Сіздерді келе жатқан 8 наурыз Халықаралық әйелдер күні мерекесімен шын жүректен құттықтайды.
Осы бір тамаша көктем мерекесі әйелге тән әдемілік пен нәзіктіктің мәңгі белгісі сияқты. Біздің қазіргі қоғамымызда әйел тек отбасының береке-бірлігін ойлайтын тұлға емес, ол мемлекеттің өмірге және саяси мәселелерге белсене араласатын қоғам мүшесі. Сондықтан біздің елімізде әйел адамның әлеуметтік қорғалуына, олардың өмір сүру деңгейін арттыруға айрықша маңыз беріледі.
Сіздердің еңбек жолында Отанымыздың өркендеп өсуіне, бала тәрбиелеуде, оларды мейірімділікке, отансүйгіштікке баулуда, еліміздің бірлігі мен тұрақтылығын нығайтуда қосқан үлестеріңіз өте зор.
Қымбатты ханымдар! Сіздердің атыңызға айтылатын ақ алғыстар мен жылы сөздер ешуақытта толастамасын. Сіздерге зор денсаулық, ашық аспан, жанұяларыңызға тыныштық тілейміз.
Ізгі ниетпен,
Астана қалалық ардагерлер және қоғамдық кеңестері»