Организация ветеранов

Организация ветеранов

Астанинский городской филиал Республиканского общественного объединения

АСТАНА АРДАГЕРЛЕРІ«Senat Open III» ашық шахмат кубогының ЧЕМПИОНЫ!

АСТАНА АРДАГЕРЛЕРІ ЧЕМПИОН!

кубок.jpg

Астана ардагерлері «Senat Open III» ашық шахмат кубогының Кіші кубогын жеңіп алды. 2026 жылғы «Senat Open III» ашық шахмат кубогының іріктеу кезеңдері мен финалдық сайысы өз мәресіне жетті. Елдің түкпір-түкпірінен жиналған үздік шахматшылар қатысқан беделді додада Астана қаласының ардагерлер командасы жоғары деңгейдегі ойын өрнегін көрсетіп, үздік нәтиже көрсетті. Нәтижесінде елордалық ардагерлер «Senat Open III» ашық шахмат кубогының Кіші кубогымен марапатталды. Бұл жетістік – ардагерлердің көп жылғы тәжірибесі, зияткерлік әлеуеті, табандылығы мен жеңіске деген ұмтылысының жемісі. Жарыс барысында команда мүшелері қарсыластарымен тартысты кездесулер өткізіп, жоғары шеберліктерін дәлелдей білді.

фон.jpeg

«Senat Open III» ашық шахмат турнирі Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Төрағасы Мәулен Сағатханұлы Әшімбаевтың бастамасымен Қазақстан шахмат федерациясы бірлесіп ұйымдастырылып келеді. Турнирдің басты мақсаты – ардагерлер, мемлекеттік қызметшілер, ұлттық компаниялар қызметкерлері, барлық деңгейдегі мәслихат депутаттары және түрлі ұйымдардың өкілдері арасында шахматты кеңінен насихаттау, зияткерлік спортты дамыту және бұқаралық шахмат қозғалысын қолдау болып танылады. Соңғы жылдары бұл турнир ел көлеміндегі ең беделді зияткерлік спорт жарыстарының біріне айналып, шахмат әуесқойларының басын қосатын маңызды алаңға айналды. Мұндай жарыстар азаматтардың логикалық ойлау қабілетін жетілдіруге, салауатты өмір салтын дәріптеуге және түрлі буын өкілдері арасындағы өзара ынтымақтастықты нығайтуға зор үлес қосып келеді. и.м.с.jpeg.

Астана қаласының ардагерлерінің бұл жеңісі – елордадағы ардагерлер спортының қарқынды дамып келе жатқанын және олардың қоғамдық өмірдегі белсенділігін айқын көрсететін маңызды жетістік. Бұл табыс алдағы уақытта да ардагерлерді спортпен тұрақты айналысуға ынталандырып, жас ұрпаққа үлгі болары сөзсіз.Белсенді ұзақ өмір сүріп, мәдениетті қартайуға мүмкүндіктің болсын. Астана қаласының ардагерлерін айтулы жеңістерімен құттықтап, алдағы жарыстарда да толағай табыстар мен жаңа белестер тілейміз.

               **Астана қалалық ардагерлер ұйымы**