Организация ветеранов

Организация ветеранов

Астанинский городской филиал Республиканского общественного объединения

АСТАНА РЗАҒҰЛ БАЙКЕШҰЛЫН СОҢҒЫ САПАРҒА ШЫҒАРЫП САЛДЫ.

АЯУЛЫ АҚСАҚАЛ

Елорда, Астана қаласы, Алматы ауданының мақтанышы, соңғы Ұлы Отан соғысының ардагері Рзағұл Байкешұлы өмірі аңызға айналған аяулы ақсақалымызды үлкен жүрек тебіренісімен соңғы сапарына 103 жасқа қараған шағында, 2026 ж.12 тамыз күні шығарып салдық.

1.jpg

2м7с7.jpg

Сұрапыл соғыс жылдарында Рзағұл Байкешұлы Ржев пен Великие Луки үшін шайқастарға қатысып, Польша, Румыния және Венгрия жерлерін азат етіп, Жеңісті Берлинде қарсы алды. I және II дәрежелі Отан соғысы ордендерімен, сондай-ақ соның ішінде: «Польшаны азат еткені үшін», «Румынияны азат еткені үшін», «Венгрияны азат еткені үшін», «Берлинді алғаны үшін» медальдармен марапатталған, Соғыстан кейін ел игілігі жолында адал еңбек етті. Ұлы Жеңістің жауынгері өкінішке орай қазан айында 103 жасқа келуші еді. Сол күнге жетуін тілеп -ақ жүрген болатынбыз. Амал қанша. Жүз екі жасқа келген құрметті соғыс ардагерінің болашақ ұрпаққа өз өмірімен үлгі-өнеге болары хақ.Аяулы ақсақалды соңғы сапарға шығарып салу сәтінде Алматы ауданы ардагерлер Кеңесінің төрағасы Марат Мұстафин ардақты ақсақалдың өмір жолына қысқаша тоқталып, тебірене сөз сөйледі. Астана қаласы ардагерлер Кеңесінің төрағасы Сансызбай Есілов бүгінгі күні ең соңғы Соғыс ардагерінен айрылып қалғандарына қала тұрғындарының атынан барша жиналған қауымға, отбасына қайғырып көңіл айтты.

3шеф.jpg

КАК.jpg

Бүкіл Елорда болып Рзағұл ақсақалды соңғы сапарға шығарып салған сәтіне «Ардагерлер ұйымы» республикалық бірлестігінің төрағасы Әбілғазы Құсайынов, Алматы ауданының әкімі Рүстем Серікұлы, Маслихаттың төрағасы Табиғат Зейнұлқабден қатысты.

оркестр.jpg

қоштасу.jfif

шыгу.jpg

Қала әкімі Жеңіс Қасымбектің, Қорғаныс министрі Дәурен Қосановтың атынан көңіл хаттар оқылды.

медали.jpg

залп.jpg

Бұдан соң ақсақалдың немересі Рүстем қала мен аудан әкімшілігіне, барлық ардагерлер ұйымдарына алғысын білдірді.Батырдың бейнесі ел есінде мәңгі сақталады. Марқұмның топырағы торқа, жаны жаннатта болсын!

                                            БАЯНДЫ ӘЛПИ, Алматы ауданы арадагерлер Кеңесі Медиатобының жетекшісі,
                                        ҚР жазушылар Одағының мүшесі