Организация ветеранов

Организация ветеранов

Астанинский городской филиал Республиканского общественного объединения

АСТАНАЛЫҚ АРДАГЕРЛЕР ТУ КӨТЕРУ САЛТАНАТЫНА ҚАТЫСТЫ!

АСТАНАЛЫҚ АРДАГЕРЛЕР ТУ КӨТЕРУ САЛТАНАТЫНА ҚАТЫСТЫ

фото.jpeg

президент.jpeg

ВОЕНРУКИ.jpeg

4 маусымда Қазақстан Республикасында Мемлекеттік рәміздер күні атап өтілді. ҚР Мемлекеттік Туын көтеру салтанатты рәсіміне Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қатысты. Рәсім барысында әскери оқу орындарының үздік түлектеріне «Аға лейтенант» офицерлік шені табыс етілді. Елордалық ардагерлермен қатар бұл мерекеге Астана қаласының құрметті азаматтары, белгілі мемлекеттік және қоғамдық қайраткерлер, Парламент депутаттары, еңбек ардагерлері, әскери оқуды үздік бітірген түлектердің ата-аналары да қатысты. Республика ардагерлерінің қоғамдық бірлестігі төрағасы Әбілғазы Құсайынов, Астана ардагерлері кеңесінің төрағасы Сансызбай Есілов, аудандық ардагерлер кеңестері мен тұрақты комиссиялардың жетекшілері салтанатты рәсімнің құрметті қонақтары болды. Қазақстандықтарды мемлекеттік рәміздер күнімен Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев құттықтады. Өз сөзінде ол «Биыл Тәуелсіздіктің 35 жылдығын ауқымды еңбекпен қарсы алу қажет» деп атап өтті. «1 шілдеден бастап күшіне енетін Ата заң халқымызды жаңа жетістіктерге жетелейді. Біз тек алға бет бұруымыз керек, елді прогрессивті мемлекетке айналдыруымыз қажет. Негізгі міндет – халық бірлігін нығайту, ортақ мақсаттарымыз үшін бірлесу. Сондай-ақ, ұрпақ сабақтастығын сақтау қажет». Мемлекеттік Ту, Елтаңба, Әнұран – біздің мемлекеттік болмысымыздың түпкілікті нышандары, егемендік пен тәуелсіздікті білдіретін, мәдени кодымыз, еліміздің тарихы, қазақ халқының ұлттық мақтанышы.

бастық.jpeg

ағалар.jpeg

Әрбір адам ҚР мемлекеттік рәміздерін құрметтеуге міндетті. Әскери оқу орындарын жоғарғы көрсеткіштермен үздік бітірген түлектердің иықтарына Президент «Аға лейтенант» атағы белгісін білдіретін жұлдызшаларды қадады. Жас әскери қызметкерлер өздерінің ризашылық лебіздерінде Отанға адал қызмет ету анттары берілді. Мерекелік салтанатта әскери оркестрдің әуендері, әскери оқу орындары түлектерінің разылық кейіптері, мерекелік безендірулер, трибуна толған қонақтар мен қала тұрғындары ұстаған көк тулар ерекше көтеріңкі көңіл-күйді, мемлекетімізге деген терең құрметті паш етіп тұрды. Мемлекеттік рәміздер күніне арналған патриоттық акциялар еліміздің барлық жерлерінде өткізілуде. Раиса АГИБАЕВА, Астана ардагерлер кеңесі медиа тобының төрайымы.

ВЕТЕРАНЫ АСТАНЫ НА ЦЕРЕМОНИИ ПОДНЯТИЯ ФЛАГА

МЕН.jpeg

4 июня в Республике Казахстан отмечается День государственных символов. В торжественной церемонии поднятия Государственного Флага РК принял участие Президент Касым-Жомарт Токаев. В ходе церемонии были вручены офицерские погоны лучшим выпускникам военных учебных заведений. Столичные ветераны стали участниками праздничного мероприятия на площади «Государственных символов». Среди гостей – почетные граждане города Астаны, известные государственные и общественные деятели, депутаты Парламента, ветераны труда, родители выпускников. Председатель Республиканского общественного объединения ветеранов Абельгазы Кусаинов, председатель Совета ветеранов Астаны Сансызбай Есилов, руководители районных советов ветеранов и постоянных комиссий стали почетными гостями торжественной церемонии. С Днем государственных символов казахстанцев поздравил Глава государства Касым-Жомарт Токаев. В своем выступлении он отметил, что «35-летие Независимости в этом году необходимо встретить ударным трудом. Конституция, которая вступает в силу 1 июля, поведет наш народ к новым достижениям. Мы должны идти только вперед, сделать страну прогрессивным государством. Главная задача – укрепление единства народа, консолидация во имя наших общих целей. Также необходимо сохранить преемственность поколений». Государственный Флаг, Герб, Гимн – ключевая основа нашей государственности, олицетворяющая суверенитет и независимость, наш культурный код, историю страны, национальная гордость казахского народа. Каждый человек обязан уважать государственные символы РК. Выпускникам – отличникам военных вузов – Президент вручил офицерские погоны, им присвоено звание старшего лейтенанта. В ответном слове молодых военных прозвучала клятва верности Родине. Праздничную атмосферу создали военный оркестр, выпускники военных вузов, праздничные атрибуты, заполненные трибуны, горожане с голубыми флажками в руках. Патриотические акции, посвященные Дню государственных символов, проходят повсеместно.

                  **Раиса АГИБАЕВА, председатель
                медиагруппы Совета ветеранов Астаны**